Skip to content

25 ҚАЗАН – ЕЛ МЕРЕЙІ АСҚАҚТАҒАН КҮН!

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді еліміздің айрықша мерекесі – 25 қазан, Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – халқымыздың азаттығы мен тәуелсіздікке ұмтылған рухының,мемлекеттілігіміздің негізі қаланған тарихи күннің символы. Республика күні – еліміздің өткені мен болашағын жалғайтын, ел бірлігін нығайтатын ұлық мереке.

Бүгінгі таңда Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Біз әрқайсымыз елдің өркендеуіне, қоғамның тұрақтылығына және ұлт бірлігін сақтауға өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Бірлік пен еңбек бар жерде – береке мен жетістік бар.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Тәуелсіз еліміздің туы биік, мерейі үстем болсын!

Мереке құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Е.Сейдалиев,

Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ