
№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектебінде серіктес мектептер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған әдістемелік семинар өткізілді. Семинар аясында мен және арнайы педагог Абубакирова Балжан, педагог-логопед Тұрманова Макпал бірлесе отырып «Үйде оқытылатын және инклюзивті оқушылармен ЖИ сабақтарын жүргізуде тиімді әдіс–тәсілдерді қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткіздік.
Сабақ барысында үйде оқытылатын және инклюзивті білім алушылардың білім алу ерекшеліктері ескеріліп, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, оқу үдерісін қолжетімді әрі нәтижелі ұйымдастыру жолдары көрсетілді. Сонымен қатар жеке білім беру қажеттіліктерін анықтау, оқушының әлеуетін ашуға бағытталған сараланған тапсырмалар мен заманауи әдіс-тәсілдер тәжірибе жүзінде ұсынылды.
Семинар қатысушылары ұсынылған тәжірибелік жұмыстарға жоғары баға беріп, инклюзивті білім беру жағдайында ЖИ технологияларын қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Сабақтың мақсаты:
Үйде оқытылатын және инклюзивті оқушылармен жұмыс барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы білім беру сапасын арттыру, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін дамыту.
Міндеттері:
– инклюзивті және үйде оқытылатын оқушылардың білім алу ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді оқыту әдістерін көрсету;
– ЖИ құралдарын сабақта қолданудың жолдары мен мүмкіндіктерін таныстыру;
– оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған сараланған тапсырмалар ұсыну;
– педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
– заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру.
Өткізілген семинар үйде оқытылатын және инклюзивті оқушылармен жұмыс жүргізуде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолданудың маңыздылығын көрсетті. Сабақ барысында ұсынылған әдіс-тәсілдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге, оқу үдерісін қолжетімді әрі нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік беретіні дәлелденді. Семинар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына ықпал етіп, заманауи білім беру технологияларын инклюзивті ортада қолданудың өзектілігін айқындады.
Искакова Алия Серикбаевна,
№39 «Асықата» ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Жетісай ауданы.