
Алаш қозғалысы – қазақ халқының саяси санасының өсуін, ұлттық өзіндік болмысын, тәуелсіздікке деген асқақ ұмтылысын көрсететін ең маңызды тарихи кезеңдердің бірі. Бұл тақырыпты оқыту барысында оқушылардың тарихи зерделеу, талдау, пайымдау дағдыларын дамыту аса маңызды. Осы мақсатта Кросснес әдісі – кұрделі тарихи материалды визуалды түрде түсіндіруге және оқушының белсенді ойландыруға мүмкіндік беретін өте тиімді құрал.
Кроссенс әдісін қолданудың тиімділігі:
- Тарихи оқиғаларды визуализациялау
Алаш қайраткерлерінің суреттері, Алаш автономиясының картасы, «Қазақ» газеті, ұлттық рәміздер, ХХ ғасыр басындағы саяси жағдайды бейнелейтін фотосуреттер – бәрі оқушыға тарихи деректі нақты бейнеде қабылдауға көмектеседі.
- Себеп – салдар байланысын анықтау
Оқушылар Кросснестегі әр суреттің астарындағы тарихи мәнді табу арқылы Алаш қозғалысының пайда болу себебі, мақсаты, нәтижесі, ұлттық идеямен байланысы жөнінде тұжырым жасайды.
- Ұлттық идеяның түсіндіруде тиімді
Кроссенс элементтері арқылы «ұлт бірлігі», «тіл мен мәдениет», «жер тұтастығы», «білім беру», «өзін өзі басқару» идеяларын логикалық жүйеде көрсетуге болады.
- Сыни ойлау мен талдау дағдысын дамыту
Оқушы дайын ақпаратты жаттап алмайды: керісінше, сурет пен дерек арасындағы байланысты өз бетінше құрастырып, тарихи ойлау дағдысын қалыптастырады.
Сабақта қолдану үлгісі:
- Қызығушылықты ояту кезеңі
Мұғалім оқушыларға 9 суреттен тұратын Кроссенс көрсетеді, мысалы:
- Алихан Бөкейхан
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Алаш автономиясы картасы
- «Қазақ» газеті
- 1917 жылғы Уақытша үкімет
- Ұлттық рухты бейнелейтін бүркіт
- Қазақ жер мәселесі
- Ұлттық мектеп
Тапсырма : «Бұл суреттерді не байланыстырады?» Оқушылар алғашқы болжамдарын айтады.
- Мағынаны ашу
Мұғалім Кросснестегі әр элементің Алаш қозғалысына қатысын түсіндіру үшін оқушылардың өз ойларын тығдайды
- Әр суреттің тарихи контексті талданады.
- Оқушылар Алаш идеясының незізгі құндылықтарын суреттер арқылы анықтайды.
- Талдау
Оқушылар топпен:
- Суреттерді хронология бойынша орналастырады:
- Алаш қайраткерлері қандай рөл атқарғанын анықтайды:
- Алаш идеясының бүгінгі ұлттық идеямен сабақтастығын көрсетеді.
- Қолдану
Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беріледі:
«Алаш идеясының бүгінгі Қазақстан үшін маңызы» тақырыбына мини – Кроссенс құрастыру, немесе әр сурет бойынша қысқа тарихи эссе жазу.
Бұл кезең оқушының өз бетінше ойлауына мүмкіндік береді.
- Қорытынды кезең
Мұғалім оқушылардан сұрайды: «Кроссенс сізге Алаш қозғалысын қалай түсінуге көмектесті?» оқушыларнегізгі идеяны қорытындылайды.
Педагогикалық нәтижесі
Кроссенс әдісінің арқасында оқушылар:
- Алаш қайраткерлерінің қызметін терең түсінеді:
- Ұлттық идия мен мемлекетшілікдік ұғымын логикалық байланыста қабылдайды:
- Тарихи деректерді салыстырады, талдайды;
- Заманауи Қазақстанмен байланысты орнатады.
«Алаш қозғалысы және ұлттық идиясы” тақырыбын оқыту -оқушыларға ұлт тарихының ең маңызды кезеңін тереңірек түсіндіруді,ұлттық сананы тәрбиелеуді және тарихи жауапкершілік сезімін қалыптастыруды талап ететін күрделі міндет.Осы бағыттағы жұмысты тиімді жүзеге асыруда Кроссенс әдісінің орны ерекше.
Қорытындылай келсе, Кроссенс әдісі Алаш қозғалысы секілді мазмұны терең тарихи тақырыптарды оқытуда жаңашыл, нәтижелі және оқушыларды ұлт тарихын саналы түрде қабылдауға жетелейтін тиімді педагокикалық құрал.Бұл әдісті жүйелі қолдану тарихи білім сапасын арттыруға және жас ұпақтың ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыруға айтарлықтай ықпал етеді.
Нұрымбетова СалтанатТемірбайқызы,
№25 ЖББМ педагогы.
Жетісай ауданы.