
Алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні – мектептегі оқу жоспарының ерекше бөлігі, ол оқушыларға тек әскери-тәжірибелік білім ғана емес, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық сезімін дарытады. Жаһандану, ақпараттық ағын күшейген заманда жастардың ұлттық санасын сақтап, елін, жерін қадірлейтін азамат тәрбиелеуде бұл пәннің орны ерекше. АӘД – жасөспірімді ертеңгі күні ел қорғау міндетіне моральдық, психологиялық және физикалық тұрғыдан дайындайтын тиімді құрал.
Патриоттық тәрбие және АӘД пәні
Патриоттық тәрбие – адамның туған жеріне, халқына, тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін саналы әрекетке айналдыру процесі. Бұл сезім өзінен-өзі қалыптаспайды, арнайы мақсатты жұмыстарды талап етеді. Сол жұмыстардың басты алаңының бірі – АӘД сабағы.
Бұл пәннің мазмұнында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылымы, тарихы, әскери ант пен жарғылар, жауынгерлік дәстүрлер, отан қорғаушылардың ерлігі сияқты жүргізеді. Осындай материалдар жасөспірімге «Отан», «борыш» ұғымдарының нақты мазмұнын ұғындырады. Тарихи деректер мен өмірлік мысалдар арқылы патриотизм құр сөз емес, жауапкершілікке толы үлкен міндет екендігін түсіндіреді.
Тарихи жады мен ұлттық мақтаныш қалыптастыру
АӘД сабақтарында қазақ батырларының, ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің, Екінші дүниежүзілік соғыс пен басқа да қақтығыстарға қазақстандық жауынгерлердің ерлігі кеңінен айтылып, талданады. мысалдар оқушы санасында «батыр» бейнесін идеал ретінде қалыптастырады. Жасөспірім өз елінің тарихына қызығып, ұлттық мақтаныш сезімін кешіреді.
Бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстан армиясының құрылуы, қазіргі әскердің тыныс-тіршілігі, шекара қызметі туралы мәліметтер бүгінгі күнмен тікелей байланыс орнатады. Бұл – Отан қорғау ісі өткеннің ғана емес, бүгінгі және болашақтың да негізгі құндылығы болып табылады.
Тәртіп, жауапкершілік және ұжымшылдық
Патриотизм жай сезім ғана емес, мінез-құлық мәдениеті. АӘД пәні осы мінез-құлықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сабақ барысындағы саптық дайындық, бұйрықты нақты орындау, ережелері мен қауіпсіздік талаптарын сақтау талаптары мен дағдылар оқушыда тәртіпке бағыну, уақытты бағалау, өз ісіне жауап болу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Топтық тактикалық жаттығулар, шартты жағдайлардағы тапсырмалар оқушыларды ұжымда әрекет жасауға үйретеді. Жолдасын қорғау, көмекке келу, ортақ мақсат үшін бірігу – шынайы патриоттың өмірлік дағдысына айналатынын түсіндіреді. Ұжымшылдыққа баулу арқылы АӘД пәні қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.
Азаматтық жауапкершілік және қауіпсіздік мәдениеті
АӘД тек әскери қызметке даярла майды, ол азаматтық қорғаныс пен дұрыс әрекет ету мәдениетін жасайды. Өрт, жер сілкінісі, техногендік апаттар кезіндегі іс-әрекет ережелерін үйрету арқылы оқушының өз өмірі мен қасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты болуы мүмкіндігін үйретеді. Қиын сәтте абдырамай, нақты көмек көрсету – патриотизмнің практикалық көрінісі. Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, заңдарды сыйлау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, табиғатты аялау сияқты күнделікті бақылау де АӘД сабағында жиі айтылатын тақырыптар. Осы арқылы пән патриоттық тәрбиені тек әскери қызметпен шектемей, жан-жақты азаматтық позиция ретінде ұсынады.
Алғашқы әскери дайындық пәні – патриоттық тәрбие жүйесінің өзегіне айнала алатын қуатты педагогикалық құрал. Ол жасөспірімдердің тарихи санасын оятып, ұлттық мақтанышын қорғау, тәртіпке, жауапкершілікке, ұжымшылдыққа баулиды, қауіпсіздік мәдениеті мен азаматтық белсенділікті дамытады. Теориялық білім практикалық жаттығулармен ұштасқан жағдайда, АӘД сабақтары елін сүйетін, оны қорғауға дайын, саналы да намысты ұрпақ қалыптастыруға нақты үлес қосады.
Е.АСҚАНБАЙ,
№44 «Жаңа дала» ЖББМ АӘД пәнінің мұғалімі.
Жетісай ауданы.