
28 қазан күні Жетісай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудандық «Қыран елім-Қазақстан» атты жас ақындар жыр мүшәйрасы өтті.
Республика күнін жастар арасында кеңінен насихаттай отырып, Отанын, туған жерін, халқын ардақтап өтуге баулу, жас ақындарымыздың шығармашылығын шыңдап, олардың арасынан жаңа есімдерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Қыран елім-Қазақстан» атты жас ақындар мүшәйрасына, 9 үміткер қатысты.
Ақындар, ереже талаптарына сәйкес 2 шарт бойынша сынға түсті.
І- «Қыран елім-Қазақстан» яғни, Республика күніне арнаған шығармаларын орындады.
ІІ- еркін тақырыпта жазған өлең жолдарын ұсынды.
Аталған ережелер бойынша ақындарымыздаң өнеріне баға берген қазылар алқасының төрағасы, Жетісай ауданының білім бөлімінің әдіскері Кеттебеков Бауыржан Қаршығаұлы;
Қазылар алқасының мүшелері, Жетісай аудандық мәдениет үйінің басшы орынбасары Айтишев Әзберген Ноғайбайұлы мен Жетісай аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының басшы орынбасары Сағынтаева Жанар Қайратқызы болып бекітілді.
Сонымен, қазылар алқасының шешімі бойынша:
Бас жүлде- Андасбек Аянат Ерланқызы (Жылы су ауылдық округінен);
I орын- Казыбек Дина Биржанқызы (Асықата кенті мәдениет үйінен);
II орын — Сейітқұл Нұрназым Досжанқызы(Абай ауылдық округінен) және Қалдарбек Кәусар Медетбекқызына (ЖК «Шебер» мәдени шығармашылық өнер және спорт орталығынан) бұйырды.
Ал, жүлделі III орынды Төлен Саяжан Баймаханқызы (ЖК «Шебер» мәдени шығармашылық өнер және спорт орталығынан) және Кетебай ауылдық клубынан — Жоламан Ақерке Жексенбайқызы иеленді.
Сонымен қатар, Қазыбек би ауылдық мәдениет үйінен — Түймебек Балауса Батырқызы, Ынтымақ ауылдық округінен – Наурызбай Атажан Бауыржанұлы мен Тожибай Арай Болатбекқызы белсене қатысқаны үшін арнайы дипломдармен марапатталды.
Жас ақындарымызға шығармашылық шабыт тілеп, жүлделі жеңістерімен құттықтаймыз.