Skip to content

БАҒЫТ ТАҢДАУ – БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚ БАСПАЛДАҒЫ

 «Бағыт таңдау – болашақ мамандық баспалдағы» тақырыбы жасөспірімнің өмірлік жолын айқындаудағы ең маңызды кезеңдердің бірін сипаттайды. Таңдалған адамның қабілетін ашу, қоғамға пайдалы жол ашады, ал ойланбай жасалған қадам уақыт пен күшті зая кетіруі мүмкін. Мамандық – адамның күнінен бірнеше сағат, аптасына бірнеше күн арнайтын ісі.

Сондықтан 9–11-сыныпта таңдалған бағыт кейінгі оқу, жұмыс, жеке өмір ырғағына тікелей әсер етеді. Дұрыс бағыт таңдаған адам артық мамандық ауыстырмайды, оқуын тастамайды, уақыты мен материалдық ресурстарды үнемдейді. Қызығушылық пен қабілетіне сай бағыт таңдаған оқушы сабаққа да, қосымша әзірлікке де ынтамен қарайды. Бұл өз деңгейін жоғары және кәсіби шеберлікке жеткізеді.

Осындай бағыт бағдар беру мақсатында  «№44  «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бағыт таңдау – болашақ мамандық баспалдағы» тақырыбында  9- сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында бағыт таңдау – бір сәттік емес, бірнеше жылға созылатын процесс екендігі және ол бірнеше кезеңдерден тұратындығы айтылды. Ол кезеңдер:

  1. Өзін танып-білу баспалдағы;
  2. Ақпарат жинау баспалдағы;
  3. Қызығушылық пен еңбек нарығын іске асыру баспалдағы;
  4. Саналы қабылдау баспалдағы
  5. Жоспар құру және әрекет ету баспалдағы
    Сонымен қатар, оқушылар бағыт таңдауда ата- аналардың, үлкендердің, мұғалімдердің кеңесінің ықпалы зор екендігін де тілге тиек ете білді.

 Бағыт таңдау – болашақ мамандыққа апаратын алғашқы әрі жауапты баспалдақ. Бұл баспалдақты өз күші мен қабілетін ескере отырып, ақпаратқа сүйеніп, саналы түрде басу – әр жасөспірімнің қолында. Дұрыс таңдалған бағыт жақсы оқуға, сапалы білім алуға, сүйікті ісімен айналысуға және бақытты өмір сүруге кең жол ашады.

М.САБЫРХАНОВ,

№44 «Жаңа дала» ЖББМ-ң кәсіптік бағдар беруші педагогы,

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ