Skip to content

БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАНЫҢ ЖАН – ЖАҚТЫ ДАМУЫ

Балабақша – баланың тұлға ретінде қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осы кезеңде бала қоршаған ортаны танып, алғашқы білім мен дағдыларды меңгереді.  Сондықтан мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту жүйесінің маңызы өте зор.

Балабақшадағы тәрбиенің негізгі мақсаты-баланың дене,   зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшін педагогтар  әр түрлі әдістермен  ойын технологияларын қолданады. Ойын-мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі әрекеті. Ойын арқылы бала ойнайды сөйлейді,  достарымен қарым-қатынас жасауды үйренеді.

Сонымен қатар, балабақшада баланың тілін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Әңгімелеу, ертегі оқу, тақпақ жаттау арқылы балардың сөздік қоры байып,ойлау қабілеті дамиды.

Шығармашылық жұмыстар — сурет салу, мүсіндеу, музыка мен би де баланың қиялын дамытады.

Баланың толыққанды даму үшін тәрбиеші мен ата-ананың  ынтымақтастығы өте маңызды.  Ата-ана балабақшадағы тәрбие жұмысын қолдап, үйде де балаға дұрыс орта қалыптастыруы қажет.

Қорытындылай келе, балабақшадағы тәрбие – болашақ ұрпақтың негізін қалыптастыратын маңызды кезең.Сондықтан әрбір педагог баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оның дамуына қолайлы жағдай жасауға ұмтылуы тиіс.

Бекбауова Пакиза Имангелдиевна,

«Асия» бөбекжай-балабақшасының педагог тәрбиешісі.

Қазығұрт ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!