Skip to content

БАЛАБАҚША БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ МЕКЕНІ

Балалық  шақ – адам өміріндегі ең шуақты әрі ең таза кезең. Әр адамның жүрегінде балалық шаққа байланысты ерекше жылы естеліктер  сақталады. Сол естеліктердің маңызды бөлігі-балабақша. Балабақша — баланың алғаш рет үлкен ортаға бейімделіп,өмірдің алғашқы сабақтарын үйренетін,  достар тауып қуаныш пен шаттыққа толы сәттерді бастан кешіретін ерекше мекен.

Бала алғаш рет балабақша  табалдырығын аттағанда,  ол үшін жаңа әлем ашылғандай болады. Бастапқыда анасының жанынан алыстау болғаны  балаға қиын болуы мүмкін. Алайда тәрбиешінің мейрІмді сөзі,  жылы жүзді қарсы алуы және қызықты ойындар баланың көңілін бірден жаулап алады. Осы сәттен бастап балабақша бала үшін екінші үйге айналады.Мұнда ол тек уақыт өткізіп қана  қоймай,  өмірге қажетті алғашқы дағдыларды меңгере бастайды.

Балабақшадағы күндер әрқашан  қызықты әрі мазмұнды өтеді. Балалар таңертең   бірге жаттығу жасап түрлі ойындар ойнайды,  сурет салады,ән айтып, би билейді. Мұндай әрекеттер баланың ойлау қаблеттін, қиялын және шығармашылық қасиеттерін дамытады. Сонымен қатар бала айналасындағы табиғатпен  танысып,түрлі  заттардың ерекшеліктерін үйренеді.Осылайша оның дүние танымы кеңейіп,білімге  дегенқызығушылығы арта түседі.

Балабақшада бала тек білім алыпқана қоймайды, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды  да үйренеді. Мұнда ол достықтың сыйластықтың маңызын түсінеді.

Балалар бір-бірімен ойыншықтарын бөлісіп, қиын сәтте көмектесуді үйренеді. Осындай қарапайым әрекеттер арқылы олардың жүрегіне мейрімділік пен жақсылыққа дегенсүйспеншілік қалыптасады.

Балабақша  өмірінде тәрбиешінің орны ерекше. Тәрбиеші  балаларға білім беріп қана қоймай,олардың жүрегіне жол таба білетін жан. Ол әр баланың мінезін түсініп, оның қабілетін дамытуға көмектеседі.Тәрбиеші  балаларға мейрімділік, тәртіп жауапкершілік сияқты маңызды қасиеттерді  үйреттеді. Балалар ұшін тәрбиеші-қамқоршы,ақылшы әрі сенімді дос.

Балабақша — баланың болашақ өміріне жол ашатын алғашқы баспалдақ. Дәл осы жерде бала ұжымда жұмыс істеуді тәртіп сақтауды өз ойын пікірін жеткізуді үйренеді. Бұл дағдылпр оның мектепке барғанда  тез бейімделуіне және білімді жақсы меңгеруіне көмектеседі .Сондықтан балабақшадағы тәрбие мен білім баланың тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді..

Жылдар өте  келе адам есейеді, мектепке барады,жаңа белестерді бағындырады. Бірақ балабақшадағы қызықты ойындар,достармен бірге күлген сәттер, тірбиешінің жылы сөзі әрқашан жүректе сақталып қалады. Бұл –балалық шақтың ең жарқын естеліктері.

Қорытындылай келе балабақша — тек білім беретін орын ғана емес ол баланың балалық шағын бақытқа бөлейтін, мейрім мен достыққа  тәрбиелейтін ерекше орта. Сондықтан балабақша – әр баланың ең маңызды білім ортасы болып табылады.

Бекбауова Пакиза Имангелдиевна,

«Асия» бөбекжай-балабақшасының педагог тәрбиешісі.

Қазығұрт ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!