Skip to content

Балаларға шаттық сыйлаған Жаңа жыл мерекесі!

Жетісай ауданында өткен Жаңа жыл мерекесі балалар үшін нағыз қуаныш пен көтеріңкі көңіл күйге толы ерекше шара болды. Зал іші мерекелік безендірілуімен, күлкі мен шаттыққа толы әсем атмосферасымен бірден баурап алды.

Шараға аудан әкімі Серік Мамытов қатысып, балаларды Жаңа жылмен құттықтап, әр балаға жеке барып сыйлықтарын өз қолымен табыстады. Сонымен қатар, аудан әкімі Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің балаларға жолдаған Жаңа жылға арналған жылы лебізін жеткізді.

Мерекелік кеш барысында балаларға арналған жаңа жылдық ән-шашу, көңілді билер мен әсерлі қойылымдар қойылды. Өнерпаздардың өнері балалардың көңілінен шығып, олар шын жүректен қуанып, қол соғып, мерекелік көңіл күйді бірге бөлісті. Әрбір ән мен би балаларға ерекше әсер сыйлап, залды шат күлкіге бөледі.

Құттықтау сөз сөйлеген Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы м.а. Т. Айгенжиева, «Аманат» партиясының аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров және аудандық мәслихаттың хатшысы Медет Қасымов балаларға ақ тілектерін арнап, жарқын болашақ, сәтті оқу мен бақытты балалық шақ тіледі.

Сондай-ақ, мерекеге қолдау көрсеткен аудан кәсіпкері Бақыт Дүйсенбиев те балаларға арнап арнайы өз сыйлықтарын жасап, жас өрендердің қуанышын еселей түсті. Бұл игі іс балалардың ғана емес, ата-аналардың да жүрегіне жылу сыйлады.

Шат күлкі, қуанышқа толы жүздер, әсем ән мен би үйлесім тапқан бұл мереке балалардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз.

Жаңа жыл – мейірім мен қуаныштың, үміт пен сенімнің мерекесі!

Әбілхайыров Ғалымжан Ильичбайұлы,

Жетісай аудандық білім бөлімінің баспасөз хатшысы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ
The Importance of Learning English in the Modern World
Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ!
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ