
Жуырда біздің №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының мәртебесін асқақтата білген ұлағатты басшымыз – Койтанова Гулия Абдикадыровна қоғамдық-гуманитарлық пәндер бағыты бойынша өткен облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» өзінің асқан кәсіби шеберлігі мен мол шығармашылық әлеуетін тағы да бір мәрте дәлелдеп, жүлделі ІІ орынды иеленді.
30 жылдан астам уақыт педагогика саласында еңбек етіп жүрген Гулия Абдикадыровнаның бұл айтулы жеңісі – оның көп жылдық бай тәжірибесінің арқасында қол жеткізген жеке жетістігі қана емес, ол басқарып отырған мектеп ұжымының еңбегі мен бірлігінің, дұрыс бағыттағы басқаруының айқын көрінісі деп санаймыз. Ол көпшілікке әрдайым жаңашылдыққа жаны құмар, білім сапасын арттыруға ұмтылған талапшыл да тағылымды басшы ретінде танылып келеді. Оның табандылығы мен үздіксіз ізденісі бүгінгі нәтижеге бастады десек, артық айтқандық емес.
Сонымен қатар, Гулия Абдикадыровнаның жетекшілігімен білім алып жүрген шәкірттердің облыстық деңгейдегі сайыстарда жүлделі орындар иеленуі – оның кәсіби біліктілігінің, тәрбиелеу мен оқытудағы жүйелі жұмысының жемісі болып табылады. Мысалға оның жетекшілігімен мектебіміздің 8 сынып оқушысы Пантай Айару орыс тілі бойынша пән олимпиадасынан ауданнан бірінші орын алып, облысқа жолдама жеңіп алды.
Тағы да бір қуанышты жаңалық, Гулия апай облыстық деңгейде өткен педагогтердің «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында үздіктердің қатарынан көрініп, І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Басшымыз Гулия Абдикадыровнаның бұндай айтулы жетістіктері мектебіміздің абыройын арттырып, педагогикалық қауымға үлгі боларлық зор мақтаныш болып табылады.
Садыкбекова Айгерим Дархановна,
№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы директорының
оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
Асықата кенті, Жетісай ауданы.