Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың қажеттіліктерін ескеру – сапалы оқытудың маңызды бөлігі. Әр оқушының бойында жасырынып жатқан талантын анықтау , білім деңгейін, оқу стилін, қызығушылығын ояту әртүрлі болғандықтан, сабақта қолданылатын ресурстарды дұрыс таңдау және тиімді пайдалану – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Бүгінгі күні білім беру жүйесін жаңа сатыға көтеріп, сапалы білім беру ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі мақсаттары оқушылардың бойынан жаңа заманауи білім дағдыларын дамыту. Оларға дайын білім беріп қана қоймай, сол білімдерін қоғамдық өмірде пайдалана алуды көздейді, яғни оқушының функционалдық сауаттылығына басты назар аударылады. Осы ретте сабақтарда оқушылардың ерекшеліктерін, білім деңгейін, мүмкіндіктерін ескеріп саралау өте маңызды рөл атқарады.

Сабаққа дайындалған сайын мен ойланамын: Оқушыларыма материалды жақсырақ түсінуге қандай ресурстар көмектеседі? Сыныпта оқушылардың әрқайсысының әлсіз және күшті жақтары әртүрлі болып келеді. Біреуі ақпаратты тыңдау арқылы есте сақтайды, екіншісі контурларды қарап, үшіншісі барлығын іс жүзінде сынап көру керек. Оқытуды тиімді әрі тартымды ету үшін, мен үшін осы ерекшеліктерді ескеру маңызды.
Алдымен, ресурстарды таңдауда оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаттары және тақырыптың мазмұны ескерілуі керек. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары үшін көрнекі құралдар, ойын элементтері және интерактивті жаттығулар тиімді болса, жоғары сыныптарда ғылыми әдебиеттер, зертханалық жұмыстар және жобалық тапсырмалар маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, әр оқушының оқу стилін ескеру қажет: кейбіреулер визуалды материалдар арқылы жақсы түсінсе, басқалары аудио немесе тәжірибелік әдістерді ұнатады. Ресурстарды қолдану барысында олардың қолжетімділігі мен жаңартылуына назар аудару қажет.
Дегенмен, ресурстарды таңдау – бұл тек бастамасы. Оларды дұрыс қолдану маңызды. Мен форматтарды кезектестіруге тырысамын: мысалы, теориялық түсіндірмеден кейін мен оқушыларға бейнежазбаны қарап , содан кейін оны талқылап , содан кейін практикалық тапсырманы орындауды ұсынамын. Егер сыныпта дайындық деңгейі әртүрлі оқушылар болса, мен әркім өзін сенімді сезінуі үшін әртүрлі қиындықтағы тапсырмаларды таңдаймын. Оқушылар мәтіндермен еркін жұмыс жасай алу керек. Мысалы, «5.1.3.1 Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу» – деген оқу мақсатын жүзеге асыруда негізі сыныптың барлық оқушылары ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу керек. Алайда тапсырманы орындауда оқушылардың меңгеруі бірдей болмауына байланысты әр баланың білім деңгейіне қарай тапсырманы өзгертуіміз қажет. Яғни сыныпта күрделі ақпаратпен жұмыс жасай алатын оқушы болуы мүмкін. Сол оқушыға әртүрлі ақпарат көздерінен қызықты деректерді жинап,олардың негізінде жаңа өнім, кітап, фильм немесе ғылыми жоба ойлап тап немесе екі түрлі дереккөзден алынған ақпаратты салыстырып, олардың негізінде жаңа, ерекше идея ұсын. Мысалы, жасанды интеллект пен спорт тақырыбын біріктіріп, жаңа технологияларды ойлап табуды ұсынуға болады. Ал қалған оқушыларға негізгі тапсырмалар ұсынылады.
Сонымен қатар ақпараттық технологиялар дамыған заманда цифрлық ресурстар, онлайн-платформалар және мультимедиалық материалдар сабақтың тиімділігін арттырады. Дәстүрлі кітаптар, кестелер және плакаттар да өз маңызын жоғалтқан жоқ. Мұғалім әртүрлі ресурстарды үйлестіре отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырып, оларды белсенді оқу үдерісіне тарта алады.
Қорытындылай келе, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, сабақта ресурстарды дұрыс таңдау және қолдану оқыту сапасын жақсартады. Мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі мен жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.Оқушылардың қабілеттерін дамытып, олардың өз бетінше білім алуына жағдай жасау – заманауи мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Гульбану ТУКОЯКОВА,
М.Мақатаев атындағы №47 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.