Біздің мектебімізде директордың тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.Асықбаев, ұйымдастырушы-педагог Қ.Аликулова мен аға-вожатый Д.Мурадова және «Өзін-өзі» басқару» ұйымының ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ерекше іс-шара болып өтті.
Таңертеңнен бастап мектеп қабырғасында жылы лебіздер айтылып, көтеріңкі көңіл-күй орнады. Оқушылар мен ұстаздар бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды алғыстарын жеткізді. Бұл күн баршаға шаттық пен мейірім сыйлап, ерекше әсер қалдырды.
Алғыс айту – бұл тек сөз емес, бұл – құрмет пен ізеттіліктің белгісі. Бір-бірімізге әрдайым жылы сөздер айтып, жүрек жылуын сыйлай білейік!
Умиралив Қазыбек Абуталипович,
№55 «Жеңістің 50 жылдығы» ЖББМ КММ директоры.
Жетісай ауданы.