
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының танымдық қабілетін дамыту, алған білімін өмірде қолдана білу – басты мақсаттардың бірі. Осы бағытта дидактикалық жаттығулардың алатын орны ерекше.
Дидактикалық жаттығулар – білімді бекіту, еске түсіру, ойлау, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған тиімді әдіс. Олар арқылы оқушының қызығушылығы артып, сабақты жеңіл әрі белсенді түрде меңгереді. Мысалы, бастауыш сыныптарда қолданылатын сөздік ойындар, сәйкестендіру, толықтыру, суретпен жұмыс сынды жаттығулар оқушыны ойлануға, салыстыруға, есте сақтауға үйретеді. Ал жоғары сыныптарда логикалық тапсырмалар, пікірталасқа негізделген жаттығулар, проблемалық сұрақтар білімді терең меңгеруге жол ашады.
Дидактикалық жаттығулардың тиімділігі:
— Оқушының қызығушылығын арттырады;
— Белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
— Жаңа білімді нақты түсініп, бекітуге көмектеседі;
— Жеке және топпен жұмыс дағдыларын дамытады.
Қорыта айтсақ, дидактикалық жаттығулар – сабақты жандандыратын, оқушының білімге деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Оны дұрыс ұйымдастыра білген ұстаз баланың білім сапасын арттырумен қатар, тұлғалық дамуына да ықпал етеді.
Айжұлдыз АЛТЫНБЕКОВА,
№25 ЖББМ педагогы.
Жетісай ауданы.