Skip to content

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ

        Оқу мақсаты басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты бағыттарын айқындауға және нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденеісіне көп байланысты. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етері сөзсіз.

         Мұғалім білімін көтермей , кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Оның үдерісінен шығу – біздің міндетіміз. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы – білім саласын жаңарту туралы бастамалардың бірі. Оның мақсаты – алған білімді өмірде тиімді қолдана білуге үйрету. Нәтижесінде тәжірибелік бағыттылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдар педагогтардың практикасына табысты енгізілуде. Белсенді оқыту формасында ортақ талқылау мен тәжірибелік тапсырмалар тереңірек игертуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыруға қол жеткізу міндеті іске асырылуда.

         Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамда шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интербелсенді деп аталып жүр. Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интербелсенді — ағылшынның “өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интербелсенді оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негезделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатынын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

         Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту ідістерінен оқу үдерісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интербелсенді оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

         Интербелсенді оқыту үдерісін пайдалану – өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу үдерісінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.

         Интербелсенді оқыту – бұл топтық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу әрекетіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үдерісін ұйымдастыру.

         Интеллектуалды тұлғаны жан – жақты дамыту үшін өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, оқудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын педагогтың еңбегі сұранысқа ие. Себебі, әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында ең алдымен өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. Міне, сондықтан ең алдымен тұлғаның дамыту ісіне жауапты ұстаз қауымының бәсекеге қабілетті , жаңашыл , интеллектуалды маман болуы шарт. Жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің біліктіліктерін арттыру курстары үшін алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер мен қазақстандық мектептердің үдерістері есепке алынған жаңа бағдарлама әзірленіп, оны кезең-кезеңмен енгізу тәртібімен жұмыстар жүргізілуде.

          Қазіргі таңда мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін-өзі қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Ендеше ертеңгі күн қазақ мектебін бітірген жас ұлан қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеуі үшін мамандықтың кез-келген саласына қажетті білік дағдыны мектептен алып шығуы керек. Ал білім негізі бастауыштен қаланады.

 Шығармашылық процестің 2 сатысы бар.

  • Бірінші сатысы жаңаны, өзгеше тың дүниені сезе білу, шығармашылық ой талдауға бейімділік, танымдық қызығушылық.
  • Екінші сатысы интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, батылдық.

         Міне осыған байланысты қазіргі таңда ғалымдар мен психологтар мұғалімдерге баланың білімін ғана көтеріп қана қоймай жеке шығармашылық баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екенін айтады. Білім сапасын жақсарта отырып, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда инновациялық технологиялар ішінен “Интербелсенді әдістері” оқушыны шығармашылыққа баулуға және өзіндік пікірін қалыптастыруда мәні зор.

        Қазіргі таңда дайын білім беруге негізделген “дәстүрлі оқыту” стилі арқылы алынған білім оқушылардың жинақталған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды. Төмендегі кестеден дәстүрлі сабақпен интербелсенді оқыту әдістерінің айырмашылықтарын көруге болады.

Дәстүрлі сабақта:

  1. Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді,белсенді;
  2. Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды;
  3. Оқытудың басым түрі  — түсіндіру;
  4. Сабақтың негізгі бөлігі – жеке-жеке бағалау;
  5. Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімді өтеді;

Интербелсенді әдіс:

  1. Оқушылар көп уақыт бойы белсенді,тапсырманы талқылайды;
  2. Мұғалім – бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды;
  3. Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді;
  4. Бағалаудың жаңа түрлерімен пайдаланылады;
  5. Жұппен және топпен жұмыс;

        “Интербелсенді” дегеніміз – біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал “интербелсенді оқу” дегеніміз – өзара қарым – қатынасқа негізделген оқыту, диалог арқылы үйрету.

          Интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесінде белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды.  Сондықтан да интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.

        Оқытудағы белсенді әдістердің бірі “case-ctady” тәсілімен бос топқа кейстер (слайдтар) беріледі. Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады, сол үш түрі мен интербелсенді әдістерге және олардың маңызы мен нәтижелілігі туралы бес топ өзара талқылап, басқа топтарға тапсырылады:

1-топ: Енжар(пассивті) – оқушы оқытудың “обьектісі” ролін атқарады ( тыңдау және көру). Осы әдістің жақсы және нашар тұстарын басқа топтарға түсіндіреді. Бұл әдісте мұғалім белсенді рольде болып, оқушылар енжар тыңдаушы роліне енеді. Оқушы мен мұғалім арасында байланыс  сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, тест тапсырмаларын орындату т.б. формалар түрінде енгізіледі.

2-топ: Белсенді —  оқушы оқытудың “субектісі” болып шығады. (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);

Белсенді  әдіс – сабақ барысында мұғалім мен оқушының белсенді өзара әрекет формасы негізінде анықталып, оқушы тыңдаушы емес, белсенді қатысушы роліне еніп, мұғаліммен бірдей деңгейде саббаққа ат салысады.

3-топ: Интербелсенді әдістер – тұлғаның  ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаздыздық пен шығармашылыққа негізделген тапсырмалар.

4-топ: Әдіс-тәсілдерді талқылап, басқа топтарға түсіндіру. Интербелсенді оқыту әдістеріне жұптық және топтық жұмыс түрлері: тыңдайтын үштік, екеуі үйде, үшеуі қонақта, аяқталмаған сөйлем, іскерлік ойын, джиксо, екі жақты күнделік, дискуссия, дебаттар т.с.с, сондай-ақ, құрылғылар ойлап табу мен жобалар әзірлеу. Интербелсенді оқыту әдістерінің аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, шағын топтарда жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.(әдістер жинағы беріледі).

5-топ: Берілген кейстер (слайдтар) бойынша жұмыс жүргізеді. Соңында “Сабақ барысында берілген тақырыптарды меңгерту кезінде сіз қандай әдісті қолданып, қалай өткізер едіңіз” деген сұрақтарға өздері мысалдар ойлап тауып, жағдаятты бірлесіп шешуі көзделеді. Бұл тапсырмаларды орындау кезінде оқу пирамидасына сәйкес өзара білім беру мен құрдастар тобының өзара түсіндіруі білімді 90% игертуге мүмкін екендігі басшылыққа алынды.

Газиза МОЛДАБЕКОВА,

 М.Мақатаев атындағы № 47 ЖББМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ