Skip to content

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ЖҮРЕКТЕН!

Мейірімділік пен ізгілік – адамзаттың ең асыл қасиеттері. Осындай ізгі ниетті істерді дәріптеу мақсатында мектебімізде «Кәсіби қоғам баршаға тең мүмкіндіктен басталады» атты онкүндік іс-шара аясында қайырымдылық акциясы өткізілді.

Бұл игі шараның басты мақсаты – қоғамда мейірімділік пен қолдауды арттыру, ерекше қажеттілігі бар жандарға, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету болып табылады.

Акция барысында мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар бірлесіп, мұқтаж жандарға қажетті тұрмыстық заттар, азық-түлік өнімдері және киім-кешектер жинады. Барлығы үлкен жауапкершілікпен, жүрек қалауымен қатысып, ізгіліктің үлгісін көрсетті.

Іс-шара кезінде оқушыларға қайырымдылықтың маңызы түсіндіріліп, мейірімді болуға, айналасына қамқорлық танытуға шақыратын әңгімелер мен тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Әр бала жақсылық жасаудың үлкен қуаныш сыйлайтынын сезінді.

Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар ұжымы осындай бастамалар арқылы өскелең ұрпақтың бойында ізгілік, жауапкершілік, қайырымдылық сынды адами құндылықтарды қалыптастыруды мақсат етеді.

«Мейірімділік – адамгершіліктің айнасы» демекші, бұл акция тағы да бір рет жақсылық жасаудың қоғам өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Біз біргеміз! Жүректен шыққан әрбір жақсылық – үлкен игілікке бастайтынын ұмытпайық.

«Асықата» атындағы №39 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ