Skip to content

Қазақ тілі – ана тілім

Бастауыш сынып – оқушының тілдік дағдылары қалыптасатын, дүниетанымы кеңейетін маңызды кезең. Осы бағытта мектебімізде «Қазақ тілі – ана тілім» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың басты мақсаты – жас ұрпаққа қазақ тілінің мәртебесін түсіндіру, оны құрметтеуге тәрбиелеу және өз ойын еркін жеткізе алу қабілетін дамыту болды.

Мұғалім сабақ барысында тілдің ұлттық құндылығын түсіндіріп, оқушыларға мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді ұсынды. Сонымен қатар, топтық және жұптық тапсырмалар арқылы сөздік қорды байытуға көңіл бөлінді. Оқушылар «Ана тілім – ардағым», «Мен тілімді неге жақсы көремін?» тақырыптарында шағын ойтолғаулар жасап, өз пікірлерін ортаға салды. Сабақ барысында интерактивті әдістер мен көрнекіліктер қолданылып, балалардың қызығушылығы мен белсенділігі арта түсті.

Сабақ нәтижесінде оқушылар ана тілінің қадірін түсініп, ұлттық құндылықтарға жақындай түсті. Олар мәтіндерді мәнерлеп оқып, диалог құрастыру арқылы тілдік дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, ана тілін құрметтеу, таза сөйлеу және күнделікті өмірде дұрыс қолдану жайлы өз ойларын ортаға салды.

Мұндай сабақтар балаларға туған тілінің қадірін сездіруге, ұлттық рухын көтеруге ықпал етеді. Ана тілін құрметтеу – ел болашағына жасалған маңызды қадам.

Сапакова Камшат Ильясовна,

бастауыш сынып мұғалімі.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ