Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты «Ю.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2025 жылдың 15 желтоқсан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қоғамдағы бала тәрбиесінің өзектілігі» тақырыбында облыстық деңгейдегі семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесінің мәнін арттыру, ата-ана мен мектептің, ұстаз бен оқушының арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарға негізделген тұлға тәрбиелеудегі тиімді тәжірибелермен бөлісу болды.
Семинар барысында тәрбие мен білім беруді ұштастырған шебер сыныптар өткізді;
Оқушылармен тәрбие сағаттары мен тәрбиелік мәні зор дебаттар ұйымдастырды;
Заманауи бағыттағы педагогикалық әдіс-тәсілдер, тренингтер арқылы қоғамдағы бала тәрбиесінің маңызын көрсете білді.
Жас ұрпаққа адал еңбек, ұлттық тәрбие, жауапкершілік, рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру жолдары;
Мұғалімдер интерактивті жаттығулар мен жағдаяттарды шешіп, пікір алмасып, тәрбиелік маңызы зор жобалар ұсынды. Қатысушылар тәрбиенің бастау көзі — отбасымен бірге мектепте жалғасатынына назар аударды.
Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәжірибе мен жаңашылдыққа толы мазмұнмен ерекшеленді. Қатысушылар алғыстарын білдіріп, болашақта да осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұруын қолдады.
Жетебаева Гаухар Бердибековна,
Ю.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің директоры.
Жетісай ауданы.