Skip to content

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар – мемлекет дамуының жаңа сапалық кезеңге қадам басқанын айқындайтын маңызды үдеріс. Бұл бастамалар саяси жүйені жаңғыртып қана қоймай, қоғам мен билік арасындағы өзара жауапкершілік пен сенімді нығайтуға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған өзгерістер Ата Заңның мазмұнын заман талабына сай жетілдіріп, әділеттілік, ашықтық және заң үстемдігі қағидаттарын нақтылай түсті.

Конституциялық реформалар – бұл тек құқықтық құжатқа енгізілген түзетулер ғана емес, ол – ел болашағына деген стратегиялық көзқарас, мемлекеттік басқарудың тиімді моделін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң алдындағы теңдік пен тең мүмкіндіктер қағидатын орнықтыру – жаңғырудың басты бағыттарының бірі. Бұл ұстанымдар қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға, әлеуметтік институттардың, соның ішінде білім беру саласының сапалы дамуына берік негіз қалайды.

Сонымен қатар, конституциялық өзгерістер білім беру жүйесінде заңдық нормаларды жетілдіруге, басқару үдерістеріндегі талап пен тәртіп мәдениетін жүйелі түрде нығайтуға ықпал ететін жаңа кезеңнің бастауы болып отыр. Бұл – білім сапасын арттыруға, жауапкершілікті күшейтуге және ашықтық қағидаттарын орнықтыруға бағытталған өркениетті әрі кезең-кезеңімен жүзеге асатын үдеріс.

Жалпы алғанда, конституциялық реформалар – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға және «Әділетті Қазақстан» қағидатын нақты іске асыруға бағытталған тарихи маңызы зор қадам.

Толқын АЙГЕНЖИЕВА,

Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы м.а.

Жетісай қаласы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!