Қазіргі заманның қарқынды өзгеріп жатқан жағдайында мектеп қабырғасында базалық білім жалғыз баланың жан-жақты дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Оқушылардың жеке қабілеттерін, салауатты өмір салты мен өмірлік дағдыларын қалыптастыруда қосымша білім берудің рөлі ерекше. Сондықтан «қосымша білім беру – білім берудің негізгі тетігі» деп айту әбден негізді.
Қосымша білім беру – оқушының тыс уақытта өз қалауына, сабаққа бейімделуіне, сабаққа сай қатысудың оқу-тәрбие жүйесі. оқу үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтар, шеберханалар, жобалық-зерттеу орталықтары, өнер, техника, ғылым бағыттарындағы түрлі бағдарламалар үдерісі. Бұл жүйенің негізгі ерекшеліктері:
еріктілік (оқушы өзі таңдайды);
- даралау (жеке қабілет пен қарқын ескеріледі);
- практикаға жақындық (нақты өнім, нәтиже, жоба, өнер көрсету);
- өмірмен тікелей байланыс (болашақ мамандық, кәсіп, дағдымен ұштасуы).
қосымша білім берудің негізгі бағыттары:
қосымша білім беруге сан алуан, бірақ шартты түрде мына бағыттарға бөлу болады:
- Ғылыми–зияткерлік бағыт – олимпиадаларға дайындық, ғылыми жобалар, дебат клубтары, пәндік үйірмелер;
- Шығармашылық–эстетикалық бағыт – музыка, би, театр, сурет, қолөнер, дизайн студиялары;
- Спорттық–сауықтыру бағыты – спорт секциялары, туристік клубтар, әскери-патриоттық дайындық;
- Техникалық–инженерлік бағыт – робототехника, бағдарламалау, 3D-модельдеу, техникалық конструкторлар;
- Әлеуметтік–педагогикалық бағыт – волонтерлік, лидерлік мектеп, медиа клубтар, дебат және пікірсайыс алаңдары.
Әр бағыт оқушының бір қырын дамытумен қатар, жалпы өмірлік құзыреттерін құрайды. Осы мақсатта «№44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де гуманитарлық бағытта үйірме жұмысы жүргізіледі. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жоспарланған жұмыстар атқарылады.
Үйірмеде оқушы өз қалауымен таңдаған ісімен шұғылданады. Бұл ішкі мотивацияны күшейтеді, шығармашылық бастаманы оятады. Баланың қай салаға қатысуға қабілетті болуы (ғылым, өнер, спорт техникасы, жетекшілік) дәл осы ортада айқындалады. Жаңа мектеп түлектері болашақ мамандығын дәл үйірме, студия, жобалық орталықта алған тәжірибесіне сүйене отырып таңдайды.Үйірмеде сондай- ақ, Жұмсақ дағдыларды (soft skills) қалыптастыру тапсырмалары орындалады.Білім беру барысында оқушы
- командада жұмыс жасайды;
- уақытты жоспарлауды;
- жауапкершілік пен тәртіпті сақтауды;
- көпшілік алдында сөйлеуді;
- келіссөз жүргізуді, пікір айту мен тыңдауды үйренеді. Бұл білікті кез келген мамандық пен өмірлік жағдайда қажетті негізгі құзыреттерге жұмсай алады.
Әлеуметтік бейімделу және тәрбие
Үйірмелер – бір-бірімен еркін араласатын, ортақ пікірлер арқылы жақындық табатын кеңістігі. Бұл жерде:
- қарым-қатынас мәдениеті;
- үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу;
- бір-біріне қолдау көрсету;
- ортақ нәтижеге жауапкершілікпен қарау
сияқты қасиеттер қалыптасады. қосымша білім беру – осы үдерісте тәрбие жұмысының қуат құралы.
Мектеп үшін маңызы
Мектептерге қосымша білім беруді стратегиялық бағыт ретінде дамыту нәтижелер береді:
- мектептің білім сапасы мен имиджін көтереді;
- ата-аналар сенімін;
- дарынды және талантты оқушыларды ерте анықтауға;
- педагогтардың шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасайды.
Үйірме, клуб, секция санының артуы, олардың түрлі бағытта болуы – мектептің бәсекеге қабілеттілігінің де көрсеткіші.
Қосымша білім беру – заманауи білім беру жүйесінің қосымша емес, негізгі тетіктерінің бірі. Ол оқушының білімін тереңдетіп қана қоймайды, тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне ықпал етеді. Сабақтағы білім – іргетас болса, қосымша білім беру – сол іргетастың үстінде қаланатын мазмұнды өмірлік тәжірибе.
Әрбір мектеп пен ата-ана баланың әлеуетін ашудың ең тиімді жолдарының бірі ретінде қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуді басты назарда ұстауы керек.
А.ДҮЙСЕНБИЕВА,
№ 44 «Жаңа дала» ЖББМ қосымша білім беру педагогы.
Жетісай ауданы.