Skip to content

«КҮЗ ХАНЗАДАСЫ МЕН ХАНШАЙЫМЫ» БАЙҚАУЫН ӨТКІЗДІК

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Ғ.Мұратбаев атындағы №61 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес,   мектептің парламент мүшелерімен біргелікте  «Күз ханзадасы мен ханшайымы»  байқауын ұйымдастырып  өткіздік.

Бұл байқаудың мақсаты:

* Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын және өнерге деген қызығушылығын дамыту;

* Табиғаттың әсем мезгілі – күздің сұлулығын, байлығын, берекесін дәріптеу;

* Оқушылардың өзін-өзі көрсетуіне, сенімділік, ұжымдық қарым-қатынас, сахна мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау.

Сондай-ақ іс-шарадан көзделген міндеттер:

1. 8-10 сынып аралығындағы оқушыларының белсенділігін арттыру және мектеп өміріне тарту;

2. Күз мезгілі тақырыбында киім үлгісі мен көрініс арқылы шығармашылық көзқарасын дамыту;

3. Эстетикалық тәрбие беру және көркемдік қабілеттерін жетілдіру;

4. Қыз балалар мен ұл балалар арасында өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру;

5. Сахнада өзін еркін ұстауға, мәдени сөйлеуге және көпшілік алдында өнер көрсетуге үйрету;

6. Табиғатты сүюге, еңбекқорлық пен сұлулықты бағалауға тәрбиелеу болды.

Мектепте өткізілген «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауы оқушыларымыздың шығармашылық белсенділігін арттырып, өнерге, әдемілікке, сұлулыққа деген қызығушылығын оятты. Іс-шара барысында 8-10 сынып оқушылары күз тақырыбында өз өнерлерін, тапқырлығын, сәндік киім үлгілерін және сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті.

Байқаудың нәтижесінде ең үздік өнер көрсеткен  «Күз ханзадасы» мен «Күз ханшайымы» атағына  10 «А» сынып оқушысы Кенжеқызы Балнұр мен Төребай Досжан ие болды. Барлық қатысушыларға номинациялар мен марапаттар табысталды.

Іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, эстетикалық тәрбие мен ұжымдық бірлікті нығайтуға өз үлесін қосты.

Маржан ТӨЛЕН,

Ғани Мұратбаев атындағы №61 ЖББМ  аға тәлімгері.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ