| Сабақтың мақсаты | Оқушылар квадрат теңдеулердің барлық түрінің шешімдерін табуға үйрету |
| Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану |
| Құндылықтарды дарыту | Құндылықтар: Әділдік: тапсырмаларды орындау барысында есептің шешімін дұрыс жолмен табуға, топтық жұмыс кезінде әркімнің пікірін әділ бағалауға, өз еңбегі мен сыныптасының еңбегін әділ мойындауға үйренеді. Жауапкершілік: есеп шығарудағы қателерін талдап, өз жұмысының нәтижесіне жауап беруге, тапсырмаларды уақытылы әрі мұқият орындауға дағдыланады. |
Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы 10 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын топқа бөлу. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді. Үшбұрыштың артына жазылған толымсыз квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеулерді ажырату арқылы топқа бөлінеді «Менен сұрақ сізден жауап» әдісі Квадрат теңдеудің қандай түрлерін білесіңдер?Квадрат теңдеу деп қандай теңдеуді айтамыз?Келтірілген квадрат теңдеудің жалпы түрі?а коэффициенті неге 0-ге тең болмау керек?Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не? ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Слайдта дұрыс жауабы көрсетіледі. | Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді Оқушылар сол шығарылған есеп бойынша үй жұмысын тексереді. | мадақтау Сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалаймын: «Жарайсың!, жақсы!, Өте жақсы!, Талпын!» | геометриялық фигуралары Оқулық Алгебра 8 сынып. «Атамұра»; авторы: Шыныбеков Ә.Н. |
| Сабақтың ортасы 25 минут Функционалдық сауаттылық тапсырмасы | Толық квадрат теңдеуді шешу жолдарын слайд арқылы көрсетіп түсіндіремін. D – дискриминант латынның ажырату, анықтау деген мағынаны білдіреді. Егер D>0 болса, екі түбірі болады D<0 болса, түбірі жоқ D=0 болса, бір түбірі болады 1-мысал Жауабы: 2-мысал Жауабы: 3-мысал Жауабы: Түбірлері жоқ «Барлық оқушылармен жұмыс әдісі» Оқулықпен жұмыс № 2,33 1); 2); 3) №2,36 1); 2); 3) №2,33 1) 2) 3) 1) № 2,36 1) Жауабы Жауабы Жауабы Топтық жұмыс. Мақалдың жалғасын тауып, мақалдағы сан есімдерден толымсыз квадрат теңдеу құрастырады Бір тал кессең, он тал ек.Жалқаудың екі досы бар, бірі ұйқы, бірі күлкіЖеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім білБір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.Бес саусақ бірдей емес 3 адамнан тұратын жанұя Қызылордадан Шымкентке баруы керек. Бұған поездпен немесе өз автокөліктерімен баруға болады. поездқа билет бір адамға 3800 теңге Автокөлік 100 км жолға 13 литр жұмсайды. Жолдың ұзақтығы 700 км, ал бензиннің бағасы 1 литр 87,5 теңге. Ең арзан жол қанша теңге тұрады? | Оқушылар слайдтан квадрат теңдеуді шешу жолдарын меңгереді Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді. Оқушылар дәптерлеріне кестедегі есепті шығарады. Дәптерлерін алмастырып бір бірінің есептерін слайдтағы дұрыс жауабымен тексереді Оқушылар оқулықтағы есептерді тақтаға шығарады | Сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалаймын: «Жарайсың!, жақсы!, Өте жақсы!, Талпын!» -Квадрат теңдеуге келтіреді -Дискриминант табады -теңдеудің түбірлерін табады Дескриптор: -Квадрат теңдеудің коэфициенттерін анықтайды -Дискриминанттты анықтайды -теңдеудің түбірлерін табады Дескриптор: -квадрат теңдеуге келтіреді -квадрат теңдеудің түрін анықтайды -теңдеудің түбірлерін табады Дескриптор: -есептің мағынасын түсінеді -есептің шартына сәйкес теңдеу құрады -квадрат теңдеуге келтіреді -теңдеудің түбірін табады -есептің жауабын анықтайды | Слайд Оқулық Алгебра 8 сынып. «Атамұра»; авторы: Шыныбеков Ә.Н. |
| Сабақтың соңы 10 минут | Шығармашылық тапсырма: жұптық жұмыс Үйге тапсырма № 2,34 №2,35 Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді. | Оқушылар берілген өрнектерден толық квадрат теңдеу, келтірілген квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеу құрастырады Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып табыс ағашына жабыстырады. | Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және шығарған есептеріне байланысты бағалаймын. | Слайд. Суреттер |
Гулайым БАЙЛАРОВА,
М.Мақатаев атындағы №47 ЖББМ педагогы.