Skip to content

ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!

Құттықтауларыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін!

Алайда қазір — салтанат құратын кезең емес, нақты іске кірісетін уақыт. Түркістан облысының білім саласындағы қазіргі жағдай баршаға мәлім. Мен бұл қызметке бос уәде беру үшін емес, нақты жұмыс жасап, тәртіп пен жауапкершілікті күшейту үшін келдім.

Бюджет қаражатының әр тиыны толық бақылауда болады, заңсыздық пен бейберекеттікке жол берілмейді.

«Білмедім» деген сылтау енді қабылданбайды: әр мектептің, әр балабақшаның, әр білім беру ұйымының басшысы жіберілген кемшілік үшін жеке жауап береді.

Мұғалім қағазбастылықпен емес, бала тәрбиесі мен білім сапасына көңіл бөлуі тиіс, сондықтан педагогтардың заңды құқығы қорғалып, оларға негізсіз қысым жасалмайды.

Барлық шешімдер заң аясында, нақты деректер мен қоғам сұранысына сүйене отырып қабылданады.

Білім саласы — болашақ ұрпақтың тағдыры. Бұл салада қателесуге ешкімнің құқығы жоқ.

Құрметпен:
Ғалымжан Орынов,
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!