Биыл мектебіміз білім сапасын халықаралық деңгейде бағалауға бағытталған беделді зерттеулердің бірі — PIRLS халықаралық зерттеуіне қатысқалы отыр. Бұл — бастауыш сынып оқушыларының мәтінді түсіну және оқу сауаттылығы деңгейін анықтайтын әлемдік мониторингтік жоба.

Аталған зерттеудің басты мақсаты — оқушылардың тек оқу техникасын емес, мәтінді түсіну, талдау, қорытынды жасау, ақпаратты өмірде қолдану қабілеттерін бағалау. Осы арқылы әр елдің білім беру жүйесінің тиімділігі салыстырылып, дамудың жаңа бағыттары айқындалады.
PIRLS зерттеуіне қатысу — біздің мектеп үшін үлкен жауапкершілік әрі маңызды тәжірибе. Бұл халықаралық бағалау білім сапасын арттыруға, оқыту әдістерін жетілдіруге және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда зерттеуге дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, мұғалімдердің әдістемелік дайындығын күшейту бағытында жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Халықаралық зерттеуге қатысу — тек нәтижеге қол жеткізу емес, ең алдымен білім беру сапасын жаңа деңгейге көтерудің нақты қадамы. Бұл — мектеп ұжымының кәсіби дамуына, оқушылардың білім көкжиегін кеңейтуге және еліміздің білім жүйесінің халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосылған үлес.
Біз оқушыларымызға сәттілік тілейміз және бұл маңызды кезең олардың білімге деген қызығушылығын арттырып, жаңа жетістіктерге жетелейді деп сенеміз.
Юсуп ДАВЛАТОВ,
Ә. Молдағұлова атындағы №34 ЖББМ директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары, мектептегі PIRLS халықаралық зерттеуін ұйымдастыру бойынша координатор.
Жетісай ауданы.