Skip to content

Мектеп – сапалы білім мен саналы тәрбиенің ордасы!

Білім – ұлт болашағының кепілі. Қай кезеңде болмасын, елдің ертеңі – білімді, тәрбиелі, отансүйгіш ұрпақтың қолында. Біздің мектептің басты мақсаты – әрбір оқушыға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне жағдай жасау.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесі жаңашылдықты, үздіксіз ізденісті талап етеді. Ұжымымыз заман талабына сай оқыту әдістерін тиімді қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға басымдық беріп келеді. Әрбір мұғалім – тек білім беруші ғана емес, шәкірт жүрегіне жол таба білетін тәрбиеші.

Мектебімізде оқу-тәрбие жұмысы жүйелі жолға қойылған. Оқушыларымыз түрлі пәндік олимпиадалар мен байқауларға, спорттық жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл – ұстаздар еңбегінің, ата-аналар қолдауының және шәкірттердің талпынысының жемісі.

Сонымен қатар, тәрбие жұмысына ерекше мән беріледі. «Адал азамат», «Таза Қазақстан», патриоттық және рухани-адамгершілік бағыттағы іс-шаралар арқылы біз жас ұрпақтың бойына жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудамыз.

Алдағы уақытта да білім сапасын арттыру, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар!
Бірлесе еңбек еткенде ғана биік белестерді бағындыра аламыз. Мектебіміздің мәртебесін арттыру жолында жұмыла жұмыс істейік!

Умиралив Қазыбек Абуталипович,

№55 «Жеңістің 50 жылдығы» ЖББМ КММ-нің директоры.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!