
Қазіргі білім беру жүйесінде басты мақсат – оқушыға тек теориялық білім беру емес, сол білімді өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана алатын тұлға қалыптастыру. Осы мақсат бойынша, халықаралық PISA зерттеуі мектептегі оқытуды бағалаудың маңызды құралы ғана емес, функционалдық сауаттылықты дамытудың бағыт-бағдарын айқындайтын негізгі көрсеткіш болып табылады.
PISA дегеніміз не?
PISA (Programme for International Student Assessment) – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізетін, 15 жастағы оқушылардың оқу сауаттылығы, математика және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын бағалаудың халықаралық зерттеу үдерісі.
Бұл зерттеу:
- Оқушының ғылыми ұғымдарды қаншалықты жатқа білетінін емес,
- Сол білімді өмірлік қамтамасыз ету қабілетін тексереді.
2025/2026 оқу жылында №44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемдекеттік мекемесі «Мектептегі PISA» зерттеуіне қатысқалы отыр. «Мектептегі PISA» зерттеуінің өткізілу ережесі туралы мектебімізде «PISA форматындағы оқуға көшудегі мектеп әкімшілігінің жетекшілігі» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.
Мақсаты: PISA форматындағы оқудың маңыздылығы мен ерекшелігін, зерттеудің жүргізілуі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Семинар барысында:
PISA тапсырмаларының ерекшелігі
Мектептегі дәстүрлі бақылау жұмыстары көбіне формуланы, ережені қателікпен тексерсе, PISA тапсырмалары нақты өмірге жақын жағдайға құрылатындығы және сондай тапсырмалар арқылы оқушы алған білімін өмірде қолдануды үйренетіндігі айтылды. Бұл – функционалдық сауаттылықтың негізгі мазмұны. Сондай- ақ, семинарда PISA және мектептегі оқу процесі туралы сөз қозғалды. PISA зерттеуі тек рейтинг үшін емес, мектеп жұмысына нақты түзету енгізуді қажет ететін процесс. Нәтижелер мұғалімдер мен білім беру ұйымдарына келешекте қай бағытта жоспарлауды негіздейді.
Сабақтағы PISA форматы – функционалдық сауаттылық мектебі
Мектепте функционалдық сауаттылықты дамыту үшін PISA стиліндегі тапсырмаларды жүйелі қолдану маңызды.Өмірлік жағдаяттар оқушының ойлауын дамытып, «неге? қалай?» деген сұрақтарды қоюға үйретеді. білікті оқушы білімді формальды емес, саналы түрде жүргізеді.
Мұғалім рөлі және әдістемелік өзгеріс
PISA талап ететін функционалдық сауаттылыққа жету үшін мұғалім:
- Тек дайын ақпарат беруші емес, бағыттаушы және кеңесші болуға тиіс;
- Сабақта проблемалық жағдай тудырып, оқушыны шешім іздеуге итермелеуі керек;
- Бір дұрыс жауаптан жоғары, дәлелді ой-піге басымдық бергені жөн;
- Пәнаралық байланыс орнатып, бір мәселе қырынан анықтауға жағдай жасау қажет.
сабақ құрылымы «мұғалім шығарды – оқушы тыңдайды» моделінен «мұғалім бағыттайды – оқушы зерттейді, талдайды, дәлелдейді» моделіне көшеді. Бұл – қызметтік сауаттылықты дамытудың нақты жолы.
Мектеп пен ата-ананың шешімі
Функционалдық сауаттылық тек сабақта қалыптаспайды. Үйде, қоғамда, цифрлық ортада жалғасады.Ата-ана үшін маңызды:
- Баламен бірге кітап, мақала, жаңалық оқып, оның мазмұны туралы пікірлесу;
- Отбасылық бюджет, күнделікті сатып алу, жоспарлау сияқты тұрмыстық есептерге баланы қатыстыру;
- Бала ойын, пікірін еркін айтуына, сұрақ қоюына мүмкіндік беру.
Мектеп пен отбасының осындай ынтымақтастығы PISA өлшейтін құралды табиғи ортада бекітуге құру.
Мектептегі PISA зерттеуі – жай халықаралық рейтинг емес, функционалдық сауаттылықтың нақты «айнасы». Ол білім беру жүйесіне оқыту нәтижесінің шынайылығын көрсетеді, мұғалімге де, ата-анаға да маңызды бағыт-бағдар береді. Сабақта PISA форматына жақын тапсырмаларды жүйелі қолдану, оқушыларды өмірлік жағдаяттарда ойлауға, талдауға және шешім қабылдауға үйрету – функционалдық сауаттылықты дамытудың басты негізі. Осындай тәсіл арқылы мектеп бәсекеге қабілетті, заманауи өмірге жауап беретін тұлға тәрбиелейді.
Г.ДУЙСЕНОВА,
№44 «Жаңа дала» ЖББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Жетісай ауданы.