
Мұғалім – адам жанының сәулетшісі, ұлт болашағын қалыптастыратын тұлға. Нағыз ұстаз өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар оқушыларына үлгі бола білетін, оларға өмірлік бағыт-бағдар беретін тұлға.
Мұғалімнің әр сөзі, әр ісі – оқушы үшін сабақ. Ұстаздың мінезі, сөйлеу мәдениеті, киім киісі, адамгершілігі, сабырлығы – бәрі оқушы бойына сіңетін қасиет. Сондықтан «Мұғалім – үлгі, оқушы – ізбасар» деген сөздің астарында үлкен мән жатыр.
Оқушы ұстазына қарап өседі, жақсыны көріп үйренеді. Мұғалім мен оқушы арасындағы жылы байланыс – сенім мен сыйластыққа негізделген. Осындай қарым-қатынаста ғана шәкірттің бойында адамгершілік, еңбексүйгіштік, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттер қалыптасады.
Ұстаздың үлгісімен талай шәкірт ғылым мен өнердің биігіне көтеріліп, елдің мақтанышына айналады.
Сондықтан әр мұғалім өз ісімен, адамдық болмысымен, жүрек жылуымен шәкіртке бағыт-бағдар беріп, ізгілік нұрын себуі тиіс. Өйткені ұстаздың ең үлкен жетістігі – өз ізін жалғар ізбасарын тәрбиелеу.
Қазыбек УМИРАЛИЕВ.
№ 55 Жеңістің 50 жылдығы атындағы №55 ЖББМ КММ-нің директоры.
Жетісай ауданы.