Skip to content

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ҚЫЗЫҚТЫ ӨТТІ

Ұлт руханияты мен тарихи сананы жаңғыртуды мақсат еткен маңызды шаралар қатарында бүгін Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына арналған облыстық тәжірибелік семинар ерекше аталып өтті. Семинар «Адал азамат» және «Біртұтас тәрбие» жобалары аясында ұйымдастырылып, ұлт тарихының дара тұлғасы, ағартушы-ғалым Шоқанның өмір жолы мен ғылыми мұрасын жас ұрпаққа терең насихаттауға бағытталды.

Ауқымды іс-шара Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп базасында өтті. Бұл күні мектеп қабырғасы ерекше рухани атмосфераға бөленіп, «Шоқан мұралары – ұрпаққа аманат, болашаққа бағдар» атты тұжырым басты идея ретінде дәріптелді.

Облыстық деңгейдегі бұл семинарға Түркістан облысының жетекші білім беру мекемелерінен өкілдер келіп, іс-шараның мазмұндық және әдістемелік құндылығын арттыра түсті. Атап айтқанда: Түркістан облысы білім басқармасы, білім беруді дамыту орталығының бөлім меңгерушісі – Примбетова Шарипа Құдайбергенқызы; БӨБД орталығының бөлім басшысы міндетін атқарушы – Ш.Адайбеков; Әдістемелік кабинет меңгерушісі – Разия Исаева, сонымен қатар Түркістан облысындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектептердің директорлары, жақын және алыс қалалардан келген құрметті қонақтар мен ұстаздар қатысты.

Бұл — тек семинар ғана емес, Шоқандай ұлы ғалымның еңбектеріне құрмет көрсету, оның ғылыми көзқарастарын, ағартушылық бағыттарын заманауи білім беру процесімен ұштастыруға арналған үлкен алаң болды.

Шара барысында Шоқан Уәлихановтың этнография, тарих, география және шығыстану саласындағы еңбектері талданып, оның ғылыми көзқарастарының бүгінгі қоғам үшін өзектілігі жан-жақты ашылды.

Мұғалімдер мен әдіскерлер: Шоқанның зерттеушілік қабілеті, ұлт мәдениетін танытудағы рөлі, әділдік пен адалдықты ту еткен тұлғалық болмысы, жаңа ойға, жаңа білімге ашықтығы сияқты құнды қасиеттерін тәрбиелік үдерісте қолдану жолдары бойынша пікір алмасты.

Семинар барысында көрсетілген сабақтар, танымдық жобалар, көрме және шығармашылық жұмыстар – бәрі Шоқан өмір көрсеткен адалдық, ізденімпаздық, білімге құштарлықты оқушылар бойына дарытуды мақсат етті.

Семинар аясында пән мұғалімдері, тәрбиешілер мен әдіскерлер «Адал азамат» жобасының мәнін ашатын үлгілі сабақтар ұйымдастырды.

Онда тұлғалық тәрбие, патриоттық құндылықтар, академиялық адалдық, ұлттық тарихи тұлғалардың өнегесі, «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасын іске асыру жолдары сияқты өзекті бағыттар қамтылды.

Ұстаздар қауымы Шоқанның ғылыми әдістерін — бақылау, зерттеу, салыстыру, талдау дағдыларын қазіргі оқыту үдерісінде қолданудың тиімді жолдарын көрсетті.

Осындай жауапты жұмыстардың жоғары деңгейде өтуіне мектеп директоры Бекенова Меруерт апай бастаған ұжым зор үлес қосты.

Ұйымшылдық, рухани толғанысқа толы мазмұн, әдістемелік үйлесім және қонақтарды лайықты қарсы алу – барлығы ұжымның кәсіби шеберлігі мен үлкен жауапкершілігін айқын көрсетті. Облыстық қонақтар тарапынан да алғыс айтылып, мектептің педагогикалық әлеуетіне жоғары баға берілді.

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған бұл семинар – жай шара емес, ұлттық рухты жаңғыртатын, тұлға тәрбиесіне бағыт беретін, адалдық пен білімділікті дәріптейтін маңызды педагогикалық алаң болды.

«Адал азамат» пен «Біртұтас тәрбие» идеяларын жүзеге асыруда осындай мазмұнды шаралардың рөлі зор. Болашаққа бағыт беретін ұлы тұлғалардың мұрасы – жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы екені тағы да дәлелденді.

Әбілхайыров Ғалымжан Ильичбайұлы,

кәсіптік бағдар беру педагогының әдіскері,

Жетісай аудандық білім бөлімінің баспасөз хатшысы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ