Skip to content

Республика күні құтты болсын!

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекет ретінде қалыптасу жолындағы маңызды күндердің бірі — 25 қазан, Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — Тәуелсіз еліміздің тұғырын бекітіп, бірлігімізді нығайтқан тарихи күн. Егемендігімізді әлемге паш еткен, өз Конституциямызға, өз таңдауымызға ие болған қасиетті сәт.

Осы мереке баршамызға елжандылықтың, отанға деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі болсын!
Жас ұрпақ – сендер еліміздің болашағысыңдар! Біліммен қаруланып, биік армандарға ұмтылыңдар!
Мектебімізде тыныштық, ұстаздарымызға шабыт, оқушыларымызға үздік білім мен жарқын жетістіктер тілеймін.

Тәуелсіз еліміздің көк туы әрдайым биікте желбірей берсін!
Мерекемен құттықтаймын!

Ізгі тілекпен, №55 Жеңістің 50 жылдығы ЖББМ КММ-нің директоры

Умиралиев Казыбек Абуталипович.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ