Skip to content

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды

Ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған 1–11 сынып оқушылары арасындағы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауында №39 Асықата жалпы орта мектебінің 6 «б» сынып оқушысы Пердебай Әлия жоғары нәтижеге қол жеткізді. Дарынды оқушы байқауда I-дәрежелі дипломды жеңіп алып, мектеп мерейін үстем етті.

Бұл — Әлияның білімге деген қызығушылығы мен талпынысының, табандылығы мен шығармашылық ізденісінің жемісі. Оның жетістігі өзін ғана емес, ұстаздарын да қуантты.

Жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жалтырова Ляйля Қадырханқызы шәкіртіне сапалы білім мен бағыт-бағдар бергені үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл марапат — ұстаздың үздік еңбегінің және оқушысының биік жетістігіне қосқан үлесінің айқын көрінісі.

Пердебай Әлияның алар асуы алда, бағындырар белестері көп болғай!
Бұл жеңіс — оның білімге, сөз өнеріне және Абай мұрасына деген құрметінің дәлелі.

Шығармашылық жолда жетекшісі Ляйля Қадырханқызына да толайым табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

Сатыбалды ЖҮНІСБЕКОВ, журналист.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ
The Importance of Learning English in the Modern World
Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ!
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ