
№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
6 «Б» және 4 «Ә» сынып оқушылары – Лесбек Аяна, Балкүлбек Іңкәр, Асан Бексұлтан, Ихмат Алинұр
«Altyn Qyran – 2025» республикалық олимпиадасына қатысып, жүлделі III орынға ие болды!
Зияткерлік білім додасында ерекше дарыны мен білімін танытқан шәкірттеріміз өздерінің ұшқыр ойы мен тапқырлығын жоғары деңгейде көрсетті. Олардың бұл жетістігі – тынымсыз еңбектің, білімге деген құштарлықтың және ұстаз еңбегінің жемісі.
Шәкірттеріміздің жеңісі – мектеп мақтанышы! Болашақта бұдан да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асыра берулеріне тілектеспіз!
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сапарова Гүлжаухар Алишерқызына шәкірттерін білім бәйгесіне дайындаған еңбегі үшін алғыс білдіреміз! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер серігіңіз болсын!
Сатыбалды ЖҮНІСБЕКОВ,
Жетісай ауданы.