Skip to content

САЯХАТ-САБАҚ ӘДІСІ ОҚУШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Қазіргі білім беру үдерісінде оқушыны тектыңдаушы емес, сабақтың белсенді қатысушысы ретінде қалыптастыру – ұстаздың басты мақсаты. Осы орайда оқытудағы инновациялық әдістердің маңызы ерекше. Солардың бірі – саяхат- сабақ әдісі.

Аталған әдісті 11-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіндегі құндылық тақырыбын меңгертуде тиімді қолдандым. Сабақ барысында оқушылар белгілі бір бағыттар бойынша «саяхатқа шығып», әр бекетте арнайы тапсырмаларды орындады. Әр станцияда өлең мазмұнына терең үңіліп, ақынның азаматтық ұстанымы, өмірлік құндылықтары, елге, тілге, еркіндікке деген сүйіспеншілігі талданды. Оқушылар жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Саяхат-сабақ әдісінің ең үлкен артықшылығы – оқушыны жалықтырмай, қызығушылығын арттыруында. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі айқын байқалды: әр тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарап, өзара пікір алмасып, дәлелді ой айтуға ұмтылды. Ең бастысы – сабақтың тартымдылығы соншалық, оқушылардың телефонға алаңдауға да уақыты болмады. Бұл – әдістің тиімділігінің нақты дәлелі.

Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі арқылы оқушылар өмірлік ұстаным, рухани беріктік, отансүйгіштік сияқты маңызды құндылықтарды терең түсінді. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар өз әсерлерін ашық айтып, мұндай форматтағы сабақтардың қызықты әрі пайдалы екенін атап өтті.

Қорыта айтқанда, саяхат-сабақ әдісі – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың сыни ойлау, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін тиімді әдіс. Мұндай сабақтар білім сапасын арттырумен қатар, оқушының тұлғалық дамуына да үлкен үлес қосады .

Тойшибекова Халима Калдыбаевна,

 №25 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ
The Importance of Learning English in the Modern World
Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ!
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ