Skip to content

Шабыттың шыңына самғаған – Креативті педагог!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен 2025 жылғы 17–21 қараша күндері Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2025» республикалық байқауы жоғары деңгейде өтті.
Бұл байқауда республика өңірлерінен келген ең үздік 20 дене шынықтыру пәні педагогі үш кезең бойынша өз кәсібилігін, шеберлігін, ізденісін паш етті. Қатысушылар келесі бағыттарда бақ сынады:

1. «Креативті педагог» – шығармашылық тур
Педагогтер кәсіби тәжірибесінің презентациясын өткізіп, мамандықты таңдаудағы мотивтерін, педагогикалық ұстанымдарын, әдістемелік ерекшеліктерін, жеткен кәсіби нәтижелерін таныстырды.
2. «Заманауи дене шынықтыру сабағы» – практикалық кезең
Қатысушылар өздеріне тансық 5–9 сынып оқушыларымен стандартты емес, жаңашыл сабақ жүргізіп, педагогикалық шеберліктерін дәлелдеді.
3. «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» – жобалық қорғау
Әр педагог өз аймағында өткізген бұқаралық спорттық іс-шараны таныстырып, ұйымдастырушылық қабілеті мен әдістемелік сауаттылығын көрсетті.
Жетістік иесі – Мынжасарова Гүлмира Абайқызы!
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ю.Гагарин атындағы №3 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мынжасарова Гүлмира Абайқызы байқаудың қорытынды кезеңінде «Креативті педагог» номинациясымен марапатталды!
Бұл марапат – ерен еңбектің, үздіксіз ізденістің, педагогтік шынайы кәсібилік пен жауапкершіліктің жемісі.

Гүлмира Абайқызы оқушыларға сапалы білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда үздік әдістерді қолданып, үнемі жаңашыл бағытта жұмыс істейтін алдыңғы қатарлы педагогтердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Құттықтау!
Гүлмира әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып,
шығармашылық қуаттың артуын,
жаңа белестерді бағындыруын,
биік жетістіктерге жетуін тілейміз!
Марапатыңыз құтты болсын!
Сізді мақтан тұтамыз!

Құттықтаймыз, Гүлмира апай!
Сіздің жеңісіңіз – еңбектің нәтижесі!
Креативті педагог – 2025 атағы құтты болсын!
Жарқын жетістіктер әлі алда!

Әбілхайыров Ғалымжан Ильичбайұлы,

кәсіптік бағдар беру педагогының әдіскері,

Жетісай аудандық білім бөлімінің баспасөз хатшысы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ