Skip to content

ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ

16 желтоқсан – қазақ халқы үшін ерекше маңызы бар тарихи күн. Бұл – ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген қасиетті күн.

Осыған орай мектебімізде «Тәуелсіздік – Мәңгілік Елдің тұғыры» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар белсене қатысты. Мақсаты — оқушыларға Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру, ел тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке баулу. Алдымен, тәуелсіздіктің маңызы туралы деректі фильм көрсетілді. Оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен даму жолдары жайлы мәліметтермен танысты. Арнайы ұйымдастырылған көрмеде тарихи фотосуреттер мен ұлттық құндылықтар қойылды. Шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, әндер орындады. Би топтары ұлттық би билеп, көрермен көңілінен шықты. «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты сахналық көрініс те көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Мектеп директоры: Гулнара Утелбаева ханым құттықтау сөз сөйлеп, егеменді еліміздің болашағы – жастардың білімді, отаншыл болып өсуі маңызды екенін атап өтті. Іс-шара оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді оятып, тәуелсіздіктің қадірін түсінуге бағытталған мазмұнды әрі әсерлі өтті. Ән, би, күй және шағын көріністермен әрленген бұл мерекелік бағдарлама көрермендерге рухани әсер сыйлады. Әр оқушы Тәуелсіздік жайлы өз ойын айтып, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуге уәде берді.

Іс-шараның тәрбиелік мәні зор болды. Жас ұрпақ Тәуелсіздік ұғымының тереңдігін сезініп, ел болашағы үшін жауапкершілікпен қарау керектігін ұғынды. 

Тәуелсіздік — елдігіміздің символы, ұрпақтың аманаты.

Артыкова Замира Нұрышовна,

№25 ЖББМ педагогы.

Жетісай ауданы

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ
The Importance of Learning English in the Modern World
Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ!
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ