Skip to content

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ!

Жақында Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты №68 «Жібек жолы» жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан «Балалар кітапханасы» жобасының жоспарына сәйкес 5-8 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік тұғырым!» тақырыбында тағылымды танымдық сағат  өткізілді.

Мақсаты:  жас ұрпақтың жүрегіне тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұялату, ел тарихына деген құрметін арттыру, өз ойы мен көзқарасын көркем тілмен жеткізе білуге баулу болды.

Оқушылар танымдық сағат барысында Отанға деген сүйіспеншілігін, азаттықтың маңызын, бүгінгі бейбіт өмірдің бағасын шынайы сезіммен жеткізе білді. Осы іс-шараның аясында кітап көрмесі де жасалынды.

 Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты, адалдық пен жауапкершілікті қалыптастыруға үлкен үлес қосады деп ойлаймын

Тәуелсіздік – ұрпақтан-ұрпаққа аманат болатын ең асыл құндылығымыз болып табылады.

Бибінұр БАЙЗАҚОВА,

№68 «Жібек жолы» жалпы білім беретін мектеп кітапханасының кітапханашысы.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ
The Importance of Learning English in the Modern World
Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ!
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ