Skip to content

ТІЛ — БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ ТІРЕГІ

Жуырда біздің Кенесары хан атындағы №62 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сыныптар арасында Тіл мерекесіне арналған «Тіл – бірлік айнасы, халықтар достығының кілті» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесін түсіндіру, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу және көптілділіктің маңызын ұғындыру болды.

Мереке барысында оқушылар әртүрлі елдердің ұлттық билерін билеп, сол елдердің тілінде сәлемдесіп, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ Қазақстанның ақын-жазушыларының тіл туралы нақыл сөздері мен мақал-мәтелдерін жатқа айтып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың өнері мен дайындығы көпшілік көңілінен шықты. Бұл мерекелік кеш оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, халықтар достығын дәріптеген тағылымды шара болды.

Касимова Эльмира Абдимауленқызы,

 Кенесары хан атындағы №62 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

✨ Ұстаз – ұлттың шамшырағы, ұрпақтың тағдырын тәрбиелеуші алтын қазына.…
1 қазан – Қарттар күніне орай 7 «Б» сыныбында «Қария…
Дублёр күні – ерекше дәстүр. Бұл күні оқушылар ұстаздың орнында…
03 қазан – ұстаздарға құрмет көрсетілген айшықты күн. Осы күні…
Ақтау қаласы білім бөлімінің “IT мектеп-лицей “ КММ-нің ұстаздары мен…