Skip to content

ЖАҢА ҒАСЫРДАҒЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР

ХХІ – ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қана қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы тіпті естіп –білмеген түрлі мамандықтар пайда болды. XXI ғасыр – технология мен ақпарат ғасыры. Ғылым мен техника дамыған сайын еңбек нарығында бұрын-соңды болмаған жаңа мамандықтар пайда болуда. Қазіргі таңда дәстүрлі мамандықтармен қатар сұранысқа ие жаңа бағыттар қалыптасып келеді. Бұл – әлемдік еңбек нарығының дамуына, цифрландыру үдерісіне және жасанды интеллекттің енуіне тікелей байланысты.

Болашақта мамандықтар қалай өзгереді?

 Қабілет, саланың мазмұны және қажетті дағдылар өзгерген кезде мамандықтар өзгермелі деп аталады.Негізінен, олар автоматика мен ақпараттық технологияның әсерінен өзгереді.

Бүгінгі таңда мұғалімдер электронды күнделіктер жүргізеді,робототехниканы медецина саласына ,яғни хирургияға енгізеді, ал инженерлік мамандық компьютерлік жүйелерді енгізумен қауіпсіз бола бастады.

Сондай-ақ, егер бұрын архитекторлар жобаларды қолмен сызып жасайтын болса,бүгінде оларға AutoCAD,ArchiCAD және басқа компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын игерсе ғана болғаны.

Ал роботтар алмастыра алмайтын мамандықтар:

Мұғалімдер – олар бәрінің қолынан келе бермейтін маңызды міндеттерді  орындайды,яғни жастарға білім береді.Мұғалімдердің  жұмысын ешқашан,ешнәрсе  алмастыра алмайды.

Психиаторлар – роботтар адам ақыл-ойын терең түсіне алмайды, сондықтан робот- психиаторды құру мүмкін емес.

Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардың атын естігенде қазіргі күннің өзінде  «Сонда ,ол маман немен шұғылданады» деген сауал туындаған.Бірақ даму жолында жүрген компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесіне орын дайындауда.

Сұранысқа ие жаңа мамандықтар:

1. Data Analyst / Data Scientist – деректермен жұмыс істеу, талдау жасау, шешім қабылдауға негіз болу.

2. Киберқауіпсіздік маманы – ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғау.

3. UX/UI дизайнер – қолданушыға ыңғайлы веб-сайттар мен қосымшалар жасау.

4. Digital-маркетолог – интернеттегі жарнама мен брендті ілгерілету маманы.

5. Жасанды интеллект инженері – роботтар, машиналық оқыту, алгоритмдермен жұмыс.

6. Экоинженер / Қалпына келетін энергия маманы – жасыл экономика бағытындағы қызметтер.

7. Генетик / Биотехнолог – медицина, ауыл шаруашылығы салаларында биология негізінде зерттеу жүргізу.

8. Контент-менеджер, SMM-маман – әлеуметтік желілер мен сайттарда ақпарат жүргізу.

Бүгінгі жастар үшін басты міндет – заманауи талаптарға сай мамандықты дұрыс таңдай білу. Ол үшін еңбек нарығын зерттеп, өзінің қабілет-қарымына сай келетін бағытта білім алу қажет.

 Білім – болашақтың кілті, ал дұрыс таңдалған мамандық – табысты өмірдің бастауы.

Г.АБУОВА,

№ 40 «Ынтымақ» ЖББМ   кәсіптік бағдар беруші педагогы. 

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ