Skip to content

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбеков 2025 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы аудандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне есеп берді.

Есеп барысында аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, ерекше санаттағы азаматтарды қолдау және оңалту бағытында бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізілгені атап өтілді.

Ардагерлер мен ерекше санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының қатысушысы Папков Петр Кузьмичке құттықтау мен марапаттар табысталып, 5 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Сонымен қатар:

253 тыл ардагеріне – әрқайсысына 58 980 теңгеден;

5 Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесіріне – 78 640 теңгеден;

99 Ауған соғысына қатысушыға – 117 960 теңгеден;

31 Таулы Қарабахтағы қақтығыстарға қатысқан әскери қызметшіге – 117 960 теңгеден;

43 Тәжік-Ауған шекарасында қызмет атқарған әскери қызметшіге – 117 960 теңгеден;

77 Семей ядролық сынақтарынан зардап шеккен азаматқа – 117 960 теңгеден;

22 Чернобыль апатына қатысқан азаматқа – 117 960 теңгеден біржолғы жәрдемақы төленді.

Әлеуметтік және медициналық қолдау

60 туберкулезге шалдыққан азаматқа ай сайын 39 320 теңге,

Онкологиялық ауруға шалдыққан тұлғаларға бірреттік 39 320 теңге,

В-20 инфекциясына шалдыққан 6 баланың ата-анасына – әр балаға ай сайын 92 456 теңге,

210 мүгедектігі бар баланың ата-анасына – ай сайын 7 864 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Демалыс және оңалту шаралары

2025 жылдың 10 айында аудан бойынша:

“Ардагерлер үйінде” – 270,

“Мейір” ардагерлер үйінде – 289,

“Xan Resort Saryagash” шипажайында – 400,

“Денсаулық” санаторийінде – 260 зейнеткер демалып, денсаулығын нығайтты.

Сонымен қатар, Түркістан облысы, Сауран ауданындағы оңалту орталығына 106 мүгедектігі бар азамат жолдама арқылы барып, ем қабылдап қайтты.

Инватакси және әлеуметтік такси қызметі

Қоларбада отыратын мүгедектігі бар азаматтарға арналған 5 инватакси көлігі тұрақты қызмет көрсетуде. Бұл қызмет арқылы 141 ересек және 39 кәмелетке толмаған азамат тасымалдау қызметін пайдаланды.

Сонымен қатар, 8 әлеуметтік автокөлік Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, жүріп-тұруы қиын мүгедек балалар мен азаматтарға қызмет көрсетіп келеді. 2025 жылдың 9 айында 95 ересек және 34 бала әлеуметтік такси қызметін пайдаланған.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы көрсетілген қызметтер

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы тұрғындар қажетті әлеуметтік қолдауға өтінімдерін электронды түрде беріп келеді.

2025 жылдың 10 айында портал арқылы барлығы 7102 өтінім қабылданған, оның ішінде:

жеке көмекші қызметіне – 78,

ымдау тілі маманы қызметіне – 168,

міндетті гигиеналық құралдарға – 2527,

техникалық көмекші құралдарға – 298,

тифлотехникалық құралдарға – 128,

сурдотехникалық құралдарға – 33,

протездік-ортопедиялық бұйымдарға – 1001,

кресло-арбаларға – 231,

санаторий-курорттық ем алуға – 2638 өтінім тіркелген.

Нұрлан Райымбеков өз баяндамасында аудан тұрғындарының әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – тұрғындарға қолжетімді әрі әділ әлеуметтік қолдау көрсету. Әрбір мұқтаж жанның жағдайы назарда болады», – деді бөлім басшысы.

Сатыбалды ЖҮНІСБЕКОВ,

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ