Skip to content

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

  • / 51 қаралым

Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар, қымбатты оқушылар! Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – білім мен ғылымға бастайтын жаңа жолдың бастауы, ұстаз бен шәкірт үшін үлкен мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше мереке. Әсіресе, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны бөлек. Олардың білім әлеміне жасаған алғашқы қадамы сәтті болып, мектептегі әр күні қуаныш пен жақсы жаңалыққа толы болсын!
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға. Еліміздің білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген барша ұстаздарға шығармашылық шабыт, қажымас қайрат, зор денсаулық және еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Әр шәкірттің жетістігі сіздерге үлкен қуаныш пен мақтаныш сыйласын!
Қымбатты оқушылар, жаңа оқу жылында білімге деген құштарлықтарыңыз артып, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын! Сапалы білім алып, биік белестерді бағындырып, ел ертеңі болатын білімді де білікті азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспін.
Жаңа оқу жылы баршаңызға сәттілік, толағай жетістік, шығармашылық ізденіс пен жарқын жеңістер әкелсін! Білім жолындағы еңбектеріңіз жемісті, болашаққа бастар қадамдарыңыз сәтті болсын!

Ізгі ниетпен,
«Ұлағатты ұстаз.кз» ақпараттық порталының бас редакторы
Сатыбалды ЖҮНІСБЕКОВ.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
↑