Skip to content

ҰСТАЗ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ

  • / 138 қаралым

           Ұстаз – адамзат тарихындағы ең қадірлі мамандықтардың бірі. Әр адамның өмір жолында бағыт-бағдар беріп, білімнің шамын жағатын, жақсылыққа жетелейтін жан болса, ол – ұстаз.

Ұстаздың еңбегі ешқашан өлшенбейді, өйткені оның тәрбиесі мен берген білімі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қоғамның дамуына қызмет етеді. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Бүгінгі күні елдің болашағы саналатын жас ұрпақты тәрбиелеу жолында ұстаздар аянбай еңбек етіп келеді. Олар тек білім беруші ғана емес, оқушының бойына адамгершілік, еңбекқорлық, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіретін тәлімгер. Әр баланың қабілетін танып, оның жарқын болашағына жол ашу – ұстаздың басты міндеті. Қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талап та жоғары. Ол үнемі ізденісте болып, білімін жетілдіріп, жаңашылдыққа ұмтылуы қажет. Бүгінгі ұстаз – технологияны меңгерген, шәкірт жүрегіне жол таба білетін, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, заманауи біліммен ұштастыра алатын тұлға. Осындай қажырлы еңбектің арқасында білімді, саналы, елжанды ұрпақ қалыптасады. Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкірт жетістігі. Оқушының әрбір жеңісі, әрбір табысы – ұстаздың төккен тері мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сондықтан ұстазға деген құрмет пен алғыс әрқашан жоғары болуы тиіс. Ұстазға көрсетілген құрмет – білімге көрсетілген құрмет.Ұстаздар күні – білім мен тәрбие жолында еңбек етіп жүрген ардақты жандарға алғыс білдіретін ерекше мереке. Бұл күні біз жүрегімізге білім нұрын сепкен, өмір жолымызды айқындауға көмектескен ұстаздарымызға ризашылығымызды білдіреміз.

           Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ел болашағын тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Шәкірттеріңіздің қуанышы мен жетістігі сіздердің еңбектеріңіздің ең үлкен марапаты болсын!

Ұстаз – ұлттың ұлы тұлғасы, ал оның еңбегі – мәңгілік мұра!

  Ізгі тілекпен: Төребек Нұргүл  Оразбекқызы,

«М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі..

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
↑