Skip to content

ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЖОЛ

  • / 121 қаралым

Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның жүрегіне ізгілік пен адамгершілік дәнін себетін ардақты тұлға. Ұстаздық жолды абыроймен атқарып, шәкірт тәрбиесіне, білім саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтың бірі – Шойбеков Бектурсун Смаилович.

Бектұрсын Смаилұлының еңбек жолы білім саласымен тығыз байланысты. География пәнінің мұғалімі болып бастаған еңбек жолы мектеп басшылығына ұласып, бүгінде білім ордасын басқарған тәжірибелі басшы ретінде жалғасып келеді.

Ол әр жылдары мектеп директоры қызметін атқарып, ұжымның ауызбіршілігі мен білім сапасын арттыруға, оқушыларға қолайлы орта қалыптастыруға күш салып келеді. Сонымен қатар өзі қызмет атқарған елді мекендердің қоғамдық өміріне де белсенді араласып, бірқатар игі бастамалардың жүзеге асуына үлес қосты.

Бүгінде Бектұрсын Смаилұлы №39 «Асықата» жалпы орта мектебінің директоры ретінде ұстаздар қауымымен бірге жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қызмет етіп келеді.

Ұстаздар мерекесі – барша ұстаз еңбегіне құрмет көрсетілетін ерекше күн. Осы айтулы мереке қарсаңында Бектұрсын Смаилұлын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Бектұрсын Смаилұлы!

Сізге еңбегіңізге толағай табыс, зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен береке тілейміз. Ұжымдағы абыройыңыз артып, шәкірттеріңіздің жетістігі қуанышыңызға айнала берсін!

Әр бастамаңыз берекелі болып, білім саласындағы еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Ұстаздық жолдағы еңбегіңіз ел игілігіне қызмет етіп, мерейіңіз әрдайым үстем болсын!

Ұстаздар күні құтты болсын, Бектұрсын Смаилұлы!

«Ұлағатты ұстаз.kz» редакциясының
Бас редакторы
Джунусбеков Сатыбалды Базарбайұлы
.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
↑