Skip to content

АНИМАЦИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

6-сынып оқушылары мультфильм жасаудың қыр-сырын меңгерді

Өткен аптада бейнелеу өнері пәні аясында 6-сынып оқушылары үшін ерекше сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы – «Анимация. Қозғалтқыш элементтер». Бұл сабақ оқушылардың шығармашылығын дамытып қана қоймай, оларды анимация өнерімен таныстыруды көздеді.

Сабақ барысында оқушылар анимация ұғымымен танысып, қазақ мультфильмінің алғашқы туындылары туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, «Секундық мультфильм», «Суретті жалғастыр», «Анимациялық қозғалыс» секілді тапсырмаларды орындап, өздерінің шағын анимациялық идеяларын қағаз бетінде бейнеледі.

Оқушылар топ болып жұмыс жасап, мультфильм кейіпкерлерінің қозғалысын слайд, сурет, коллаж арқылы көрсетті. Кейбіреулері «құс ұшуы, адамның жүгіруі, доп домалату» сынды қозғалыстарды нақты әрі шынайы көрсете білді.

Сабақ соңында оқушылар «анимацияны жасау үшін тек компьютер емес, қиял мен идея керек» деген ой түйді. Шығармашылыққа құрылған бұл сабақ оларды өнерге, ойлауға, дәлдікке үйретті.

Мейрамгул ЖАКСЫЛЫКОВА,

Кенесары хан атындағы №62 жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пән мұғалімі.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ
The Importance of Learning English in the Modern World
Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ!
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ