Skip to content

ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ

Бүгінгі білім беру жүйесінің басты мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, қоғамға бейімделген тұлға қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету жолында мектеп пен отбасының өзара тығыз байланысы – шешуші рөл атқарады.

Отбасы – баланың алғашқы тәрбие мектебі. Онда қалыптасқан мінез-құлық, қарым-қатынас үлгілері мен құндылықтар жүйесі баланың мектептегі жетістігіне тікелей әсер етеді. Ал мектеп – осы тәрбиені жалғастырып, толықтыратын әлеуметтік орта. Сондықтан ата-ана мен мұғалім арасындағы сенімді, ашық, жүйелі байланыс – баланың үйлесімді дамуының кепілі.

Сенімді қарым-қатынас дегеніміз не? Бұл – бірін-бірі тыңдай білу, түсіну, қолдау көрсету, ортақ мақсатқа бірге ұмтылу. Мұғалім ата-ананың пікірін ескеріп, баланың жеке ерекшеліктерін түсінуге тырысса, ата-ана да мектептің тәрбие жұмысын қолдап, белсенді қатысуы қажет.

Мектеп пен ата-ана арасындағы тиімді байланыс жолдары:

— Ата-аналар жиналыстары мен ашық есік күндерін жүйелі өткізу;

— Жеке кеңес беру, кері байланыс орнату;

— Мектеп сайтында пайдалы ақпараттар мен кеңестер жариялау;

— Ортақ іс-шаралар ұйымдастыру (тәрбие сағаттары, мерекелік кештер, спорттық жарыстар);

— Психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін дамыту.

 Бала тәрбиесі – тек мектептің ғана емес, бүкіл қоғамның, ең алдымен, отбасының ортақ жауапкершілігі. Сенімді қарым-қатынас орнату арқылы біз балаға қауіпсіз, қолдаушы орта қалыптастырамыз. Бұл – оның болашағына салынған берік негіз.

Д.ДАНМЫРЗАЕВА,

№ 44 «Жаңа дала» ЖББМ әлеуметтік педагогы.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
ЖҮРЕКТЕГІ НҰР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Республика күні құтты болсын!
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
ҰСТАЗ ӘКЕМ – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНЕГЕМ