Skip to content

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әріптестер, қадірлі оқушылар, ардақты ата-аналар!

Сіздерді барша қазақ халқы үшін айрықша мәні бар — 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы, егемен ел болудың айқын белгісі.
Бүгінгі бейбіт өміріміз бен жарқын болашағымыз – ел бірлігі мен жас ұрпаққа берілген сапалы тәрбиенің нәтижесі.

Егемен еліміздің тірегі — білімді де тәрбиелі ұрпақ. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына алғыс білдіремін. Ал оқушыларымызға елін сүйетін, білімді, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуларына тілектеспін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын! Әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік, табыс пен мол жетістік тілеймін.

Құрметпен Шойбеков Бектурсун Смайлович,

№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп директоры.

Асықата кенті, Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!