Skip to content

ШАРДАРА АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шардара аудандық ішкі істер саласында кадрлық өзгеріс орын алды.

Аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке кәсіби біліктілігімен, басқарушылық тәжірибесімен және талапшылдығымен танылған полиция майоры Нұрсұлтан Тұрышбекұлы Елшибаев келді.

Нұрсұлтан Тұрышбекұлы бұған дейін Мақтаарал, Түлкібас, Шардара және Жетісай аудандарында ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, құқық қорғау саласында мол тәжірибе жинақтаған. Ол қызмет еткен әрбір аймақта қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізген білікті маман ретінде танылды.

Жаңа басшының кәсіби ұстанымы – заң үстемдігін қамтамасыз ету, тәртіп пен тұрақтылықты нығайту және полиция қызметінің ашықтығын арттыру. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстары аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізеді деген сенім бар.

Жауапты қызметке тағайындалған Нұрсұлтан Елшибаевқа алдағы жұмысына табыс, қызмет жолында биік белестер мен кәсіби жетістіктер тілейміз.

Сатыбалды Жүнісбеков.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ
The Importance of Learning English in the Modern World
Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ!
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ