
Мектебіміздің 1-сынып оқушыларына арнап өтілген «Пысықтау» тақырыбымен өткен сабақтың мақсаты – оқушылардың алған білімдерін қайталау, ойлау қабілетін және есте сақтау дағдыларын дамыту болды. Сабақ барысында көрнекіліктер, суреттер, қима қағаздар ресурстар ретінде пайдаланылды.
Сабақтың басында сыныпа жағымды лсихологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында оқушылармен жыл мезгілдері тақырыбында әңгіме жүргіздім. «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіздім.
Ал сабақ барысында балалар түрлі жаттығулар орындап, математикалық есептер шешті, сөздік қорларын байытты. Топтық ойындар арқылы ынтымақтастық пен бір-біріне көмектесу дағдылары да дамытылды.
Мен әр оқушының үлгерімін жеке бақылап, жетістіктерін мақтап, кемшіліктерін түзету жолдарын көрсеттім. Соның нәтижесінде оқушыларым өздерінің сабақта алған білімдерін ойын түрінде көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Сабақтың соңында оқушылар бүгінгі тақырыптан алған әсерлерімен бөлісіп, келесі сабаққа деген қызығушылықтарын білдірді. Мұндай «Пысықтау» сабақтары білімді бекітіп, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады деп санаймын.
Абдурахмонова Құрманкүл Ақболатқызы,
Ю.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Жетісай ауданы.