Skip to content

Адалдық – адамдықтың темірқазығы

Қоғамның негізі – адалдық пен адамгершілік. Осындай асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында мектебімізде 8 сынып оқушыларына «Адалдық – адамдықтың темірқазығы» тақырыбында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор сабақ өткізілді.

Сабақ оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлаудан басталды. «Күннің көзі» әдісі арқылы балалар өз көңіл күйін білдіріп, топтарға бірікті. Аптаның дәйексөзі – «Бірлік болмай, тірлік болмас» – оқушыларды ынтымақ пен татулықтың маңызын түсінуге жетеледі.

Сабақ барысында «Адал азамат» бағдарламасының мәні ашылып, адалдықтың жеке адам өміріндегі және қоғамдағы орны түсіндірілді. Виртуалды көмекші арқылы адалдық туралы мәліметтер ұсынылып, ғалымдардың нақыл сөздерімен таныстырылды. «Аманат жайлы хикая» атты бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды.

«Бұлақ көзі» әдісі бойынша қойылған сұрақтар оқушыларды ойлануға, пікір айтуға ынталандырды. Балалар адалдықтың сенімге, бірлікке және достыққа әсері туралы ой бөлісті. Ал топтық жұмыстарда оқушылар адамгершілік пен адалдық тақырыбында постер жасап, өз жұмыстарын қорғады. Бұл тапсырмалар балалардың шығармашылық қабілетін арттырып, бірлесіп жұмыс істеуге үйретті.

Жұптық жұмыста «АДАЛДЫҚ» сөзінің әр әрпінен басталатын жақсы қасиеттер мен тілектер құрастырылып, оқушылардың сөздік қоры мен ойлау қабілеті дамытылды. Сергіту сәтінде күй тыңдалып, сабақтың әсері одан әрі күшейді. Жеке жұмыс барысында интерактивті тапсырмалар арқылы алған білімдері бекітілді.

Сабақ соңында оқушылар адалдық, мейірімділік, жауапкершілік сияқты қасиеттердің өмірдегі маңызын түсініп, өз ойларын еркін жеткізді. Кері байланыс арқылы әр бала сабақтан алған әсерімен бөлісті.

Қорытындылай келе, бұл сабақ оқушылардың бойында адамгершілік пен адалдық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Адалдық – адамды биікке жетелейтін, қоғамды нығайтатын басты құндылық екенін оқушылар терең түсінді.

Фазылова Балнұр Азаматқызы,

«Ю.Гагарин атындағы №3 ЖББМ» КММ-нің педагогы.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ
The Importance of Learning English in the Modern World
Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ!
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ