Skip to content

Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш пен құт-береке алып келсін!

Құрметті ата-аналар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан жыл баршамыз үшін ізденіс пен еңбектің, бірлік пен жауапкершіліктің жылы болды. Балаларымыздың білім мен тәрбие жолындағы жетістіктері – ең алдымен сіздермен бірлескен еңбектің нәтижесі.

Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш, береке, молшылық пен амандық алып келсін! Отбасыларыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, балаларыңызға жарқын болашақ тілеймін. Алдағы жылы да мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы нығая түсіп, ортақ мақсаттарымыз жүзеге аса берсін.

Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі тілекпен Умиралиев Қазыбек Абуталипович,

«Ұлы Жеңістің 50 жылдығы» атындағы №55 мектептің директоры.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!