Skip to content

ТӨЛ МЕРЕКЕҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Айгенжиева Толқын Тілекқызы!

Сізді шын жүректен туған күніңізбен құттықтаймыз!

Өмір жолыңыз бен саналы ғұмырыңызды білім беру саласына арнаған тәжірибелі педагог, білікті басшы ретінде Сіздің еңбек жолыңыз көпке үлгі. 1970 жылы Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келіп, 1987–1992 жылдары Ташкент қаласындағы Қызыл Ту орденді Ленин атындағы Мемлекеттік университетін «Биология және химия пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтауыңыз кәсіби қалыптасуыңыздың берік негізі болды.

1992 жылы ұстаздық жолды бастап, 2007 жылдан бастап «М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясын» басқарған жылдары оқу ордасын республика көлеміндегі «100 үздік мектептің» қатарына қостыңыз. 2022 жылдан бері Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицейін басқарып, ұжымды жаңа сапалық деңгейге көтердіңіз. Соның нәтижесінде 2024–2025 оқу жылында мектеп облыс көлемінде «Үздік мектеп» атағына ие болды.

33 жылдық педагогикалық еңбек өтіліңіз, «басшы-менеджер» біліктілік санатыңыз және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген «Құрмет» ордені – Сіздің ерен еңбегіңіздің лайықты бағасы.

Сондай-ақ, жаңадан тағайындалған Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы қызметіңізде барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз, ал қабылдайтын әрбір шешіміңізді қолдайтынымызды және бірлесе еңбек етуге әрдайым дайын екенімізді жеткіземіз. Сізге сенім артамыз және толық қолдаймыз!

Әбілхайыров Ғалымжан Ильичбайұлы,

Жетісай аудандық білім бөлімінің баспасөз хатшысы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ
The Importance of Learning English in the Modern World
Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ!
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ