Skip to content

СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектеп аудан көлемінде жетекші мектеп ретінде бекітіліп, Қараөзек және С.Сейфуллин атындағы №29 жалпы білім беретін мектептермен серіктестік байланыс орнатты. Бұл серіктестік – білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуына және заманауи оқыту тәжірибелерін кеңінен таратуға бағытталған маңызды қадам.

2025 оқу жылының қыркүйек айында жетекші және серіктес мектептердің жауапты директор орынбасарлары мен шығармашылық топ жетекшілерінің қатысуымен басқосу өтіп, бірлескен жылдық жоспар жан-жақты талқыланды. Келісілген жоспарға сәйкес әр айда серіктес мектептердің бірінде тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шаралар өткізу және оған өзге мектептердің педагогтерін қатыстыру көзделді.

Жоспар аясында қазан айында Ә.Молдағұлова атындағы №34 мектепте Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай облыстық деңгейде семинар-конференция ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада батырдың өмірі мен ерлігі насихатталып қана қоймай, білім беру үдерісіндегі тәрбиелік құндылықтарды кіріктіру жолдары талқыланды. Семинар қатысушылары тағылымды баяндамалар тыңдап, мазмұнды пікір алмасты.

Қараша айында С.Сейфуллин атындағы №29 жалпы білім беретін мектепте «ЖИ – мұғалімнің цифрлық көмекшісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосу барысында жасанды интеллект құралдарын сабақта тиімді қолдану, мұғалім жұмысын жеңілдетудегі мүмкіндіктері мен тәжірибелік тұстары кеңінен талқыланды. Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, цифрлық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына назар аударды.

Ал желтоқсан айында Қараөзек жалпы білім беретін мектебінде «Цифрлық білім беру: мұғалімнің кәсіби дамуы мен заманауи оқыту әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Мұнда заманауи педагогикалық тәсілдер, цифрлық платформалармен жұмыс және оқушы белсенділігін арттыру жолдары іс жүзінде көрсетілді.

Аталған іс-шаралардың басты нәтижесі – мектептер арасындағы өзара ынтымақтастықтың нығаюы, педагогтердің кәсіби деңгейінің артуы және жаңа идеялардың тәжірибеге енгізілуі. Мұндай басқосулар мұғалімдерге өзара үйренуге, ой бөлісуге және ортақ мақсат жолында бірігуге үлкен мүмкіндік береді.

Серіктес мектептер арасындағы бұл жүйелі жұмыс алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жалғасын тауып, білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қоса беретініне сенім мол.

Осы орайда тәжірибелерімен бөлікен барлық үстаздарға, барлық қатысушыларға, осындай іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырған С.Сейфуллин атындағы № 29 жалпы білім беретін мектеп директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары А.Оңғарбаеваға, Қараөзек жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ы.Жаңабаеваға, жан-жақты қолдау көрсетіп, әдістемелік көмек көрсеткендері үшін Жетісай ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Исаеваға, әдіскер А.Қазманбетоваларға шынайы алғыс білдіреміз.

Ю.ДАВЛАТОВ,

Ә.Молдағұлова атындағы №34 мектеп директорының

бейіндік оқыту бойынша орынбасары.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ
The Importance of Learning English in the Modern World
Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ!
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ