Skip to content

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

Бүгінгі таңда балабақша – тек баланы қарау орны емес, ол – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы болып табылады. Бұл мекемеде бала сөйлеуді, өз ойын еркін жеткізуді, достық қарым-қатынас орнатуды үйренеді. Тәрбиешілер баланың танымдық қабілетін дамытып, шығармашылыққа баулиды. Ән айтып, би билеп, сурет салып, ойын арқылы білім алады. Осының бәрі оның мектепке психологиялық әрі әлеуметтік тұрғыдан дайын болып баруына ықпал етеді.

Әсіресе, балабақшада берілетін ұлттық тәрбие – аса маңызды. Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі мен ділі осы кезеңде санасына сіңеді. Балалар мемлекеттік рәміздерді танып, ана тілінде еркін сөйлеп, ұлттық ойындарды ойнап өседі. Бұл жай – болашақта елін, жерін сүйетін азаматтың қалыптасуына сеп болатын алғашқы қадамдар болып табылады.

Ғалымдар да мектепке дейінгі кезеңді баланың ең қарқынды даму шағы деп есептейді. Дәл осы уақытта баланың есте сақтау қабілеті, ойлау жүйесі, мінез-құлқы қалыптасады. Егер деоған бұл кезеңде дұрыс бағыт-бағдар берілсе, бала болашақта өзіне сенімді, білімді, мәдениетті тұлға болып жетіледі.

Балабақша – жауапкершілік пен тәртіпке үйрететін орта. Бала күн тәртібін сақтауды, ортақ ережеге бағынуды, өз ісіне жауап беруді меңгереді. Бұл қасиеттер кейін мектепте де, өмірде де аса қажет болады.

Әрине, отбасы – тәрбиенің алтын ұясы. Алайда, отбасы мен балабақша бірлесе жұмыс істегенде ғана нәтиже жоғары болады. Ата-ана мен тәрбиеші арасындағы тығыз байланыс – баланың жан-жақты дамуының кепілісаналады.

Қорытындылай келе айтарымыз, балабақша – болашақтың іргетасын қалайтын қасиетті мекен. Онда берілген тәлім мен тәрбие баланың бүкіл ғұмырына әсер етеді. Сондықтанда балабақшаға ешқашанда жеңіл қарауға болмайды.

Биболова Мадина Бақытжанқызы,

«Бақнұр» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!